Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N№209 "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің N 245 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N№213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N№76 "Қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері" туралы» қаулысына (Атырау облысы әділет департаментінде 2007 жылы 3 сәуірде N№2485 тіркелген, 2007 жылы 19 сәуірдегі N№44 "Прикаспийская коммуна", 2007 жылы 19 сәуірдегі N№44 "Атырау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақта "71788 (жетпіс бір мың жеті жүз сексен сегіз) теңге" деген сөздер "71158 (жетпіс бір мың бір жүз елу сегіз) теңге 28 (жиырма сегіз) тиын" деген сөздерге ауыстырылсын.