Құрманғазы және Махамбет аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 100 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 390-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 11 мамырда N 2489 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-тармақшасына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 31 наурыздағы қорытындысы, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 384 қаулысы, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 ақпандағы N 319-ХХХVI "Калинин селолық округінің атауын өзгерту туралы" шешімі, Махамбет ауданы әкімиятының 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 10-а қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 7 ақпандағы N 328 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Құрманғазы ауданы бойынша:
      Калинин селолық округі - Орлы селолық округі болып;
      Махамбет ауданы бойынша:
      Чкалов селолық округі - Бейбарыс селолық округі болып;
      Бақсай селолық округінің Коровник қыстағы - Бурабай қыстағы;
      Бақсай селолық округінің Комплекс қыстағы - Жангелді қыстағы болып қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың              Облыс әкімі
      ХХІV сессиясының төрайымы -

      мәслихат хатшысы