Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының бірлескен 2007 жылғы 28 ақпандағы N 67 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 наурыздағы N 328-ХХХVІІ шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
1. Құрманғазы ауданында Қиғаш селолық округі құрылсын.
2. Құрманғазы ауданы Ақкөл селолық округінің шекарасы жалпы ауданы 1487 гектар аумағы Қиғаш селолық округіне беріле отырып өзгертілсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XXІV сессиясының төрайымы, Облыс әкімі
облыстық мәслихат хатшысы