Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27 бабын басшылыққа
алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы
N№1044 "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту
мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу
ережесін бекіту туралы"
қаулысын
іске асыру мақсатында облыс
әкімияты қаулы етеді
:
1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 7 ақпандағы N№42 қаулысымен
бекітілген Атырау қаласы және Атырау облысының электр желілерін
перспективалық дамыту жоспары негізінде 2007-2010 жылдардағы
кезеңге арналған қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі (1 кВт.)
үшін төлемнің мөлшері 71788 (жетпіс бір мың жеті жүз сексен сегіз)
теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Атырау-Жарық" акционерлік қоғамына (келісім бойынша)
электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен
кеңейту үшін шығындарды өтеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қазандағы N№1044 "Электр энергетикасы қондырғылары
объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу
және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы"»
қаулысына
сәйкес
жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 6 наурыздағы N№79 "Қосымша
қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы"
қаулысы (Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N№321 "Облыс
әкімиятының 2006 жылғы 6 наурыздағы N№79 "Қосымша қосылатын электр
қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы" қаулысына өзгеріс
енгізу туралы қаулысы) жойылды деп танылсын.