"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының N 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазанда N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 қарашада N 13-1-85 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабына 1 тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
      3 тармақтағы:
      Бірінші абзацтағы "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 15 % мөлшерінде, ал Терізауыты мен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 10 % мөлшерінде" сөздері "Петропавл қаласының тұрғындарын үшін 20 % мөлшерінде, ал Терізауыты мен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 15 % мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші жарияланған күннен соң он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      Қалалық мәслихаты
сесиясының төрағасы
      Қалалық мәслихат
хатшысы