Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі "Қазақстан Республикасы халқын тіркеудің кейбір мәселелері туралы" N 761 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек беру Ережелерін бекіту туралы" N 287 қаулысына (2005 жылғы 10 мамырдағы мемлекеттік тіркеу N 13-1-6), 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 583 өзгерістерімен (2006 жылғы 16 мамырдағы мемлекеттік тіркеу N 13-1-41, "Проспект СК" газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 22 саны), мынадай өзгертулер енгізілсін:
Ереженің 4 тармағы 3 тармақшасындағы "отбасының құрамы туралы" анықтама сөздері "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қала әкімі