II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXІХ сессиясының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 334 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 27 сәуірде N 743 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 7 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16        қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде"  шешіміне , (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 557 рет санымен 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген, 2003 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған; өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - III сайланған Алматы қаласы мәслихаты VIII сессиясының "ІI сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 29 шілдедегі N 69 шешімімен, 2004 жылғы 5 тамызда N 612 рет санымен тіркеліп, 2004 жылғы 12 тамызда "Алматы ақшамы" газетінде N 91, 2004 жылғы 26 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде N 171-172 жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс ХII сессиясының "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 шешімімен, 2005 жылғы 1 ақпанда N 641 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 3 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінде N 13, 2005 жылы 5 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінде N 24 жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХV сессиясының "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 145 шешімімен, 2005 жылғы 13 мамырда N 656 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 24 мамырда "Алматы ақшамы" газетінде N 57, 2005 жылғы 9 маусымда "Вечерний Алматы" газетінде N 118 жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХVII сессиясының "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімімен, 2005 жылғы 10 тамызда N 668 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 20 тамызда "Алматы ақшамы" газетінде N 95, 2005 жылғы 27 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде N 173 жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХVIII сессиясының "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 мамырдағы N 249 шешімімен, 2006 жылғы 19 маусымда N 704 рет санымен тіркеліп, 2006 жылғы 24 маусымда "Алматы ақшамы" газетінде N 74, 2006 жылғы 29 маусымда "Вечерний Алматы" газетінде N 122-124 жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVII сессиясының "II сайланған Алматы қалалық мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртіпті бекіту жөнінде" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімімен, 2007 жылғы 19 қаңтарда N 728 рет санымен тіркеліп, 2007 жылғы 15 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінде N 19, 2007 жылғы 3 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінде N 25-26 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртібінде:

      3 тармақтың "20 пайыздық үлесінен" сөздері, "10 пайыздық үлесінен" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияға (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары К.А. Бүкеновке жүктелсін.

                           ІII сайланған Алматы қаласы

      мәслихаты ХХIХ сессиясының

      төрағасы, мәслихат хатшысы             Т. Мұқашев