Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Азқамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 тамыздағы N 213/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 20 тамызда N 3093 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына, қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2007 жылғы 2 сәуiрдегi N 150 бұйрығымен бекiтiлген қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына  (2004 жылғы 18 маусымда  Павлодар облысының әдiлет басқармасының тiзiлiмiнде N 2621 нөмiрмен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде  жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 2-тармағындағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасында:
      3-тармақтағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң  қолданысқа енгiзiледi.

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов