Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырда N 37/323 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 шілдеде N 11-1-57 тіркелді

Жаңартылған

       Бюджет кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әләуметтік төлемдерді 1 қосымшаға сәйкес келесі азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

      2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері 2 қосымшаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

      3. Дәрі-дәрмек алуға, тіс протезін дайындауға және облыстық қоғамдық – саяси газетінің бір түрінің мерзімдік басылымға жазылуға, үй ішіндегі электр қондырғыларының қызмет етуіне, 3 қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдер белгіленсін.

      4. Әлеуметтік төлем тағайындау, төлеу бойынша Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      5. Әлеуметтік төлемдердің есебін жүргізу, контингентті толықтай қамтылғандығына бақылау жүргізу және қаржыны уақтылы аудару уакілетті органға жүктеледі.

      6. Уәкілетті орган қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Манғыстау облыстық филиалымен әлеуметтік төлемдер алушылар құрамына ай сайынғы салыстыру жүргізеді және дербес іс қағаздары бойынша әлеуметтік төлем тағайындайды.

      7. Алушының дербес іс қағаздары тапсырылған құжаттарға байланысты жасақталады, уәкілетті органда сақталып, әлеуметтік төлемнің тағайындалғандығы және аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәліметтермен толықтырылып тұрады.

      8. Әлеуметтік төлем уәкілетті органмен алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударылады.

      9. Әлеуметтік төлем алушылар тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершілік алады.

      10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрағасы          Қалалық мәслихат хатшысы
      К. Қорғанбекова                 Ж. Матаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы __________ Айтбатырова К.М.
      «____»_____________2007 жыл

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2008.12.23 № 15/141 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары

N

Мемлекеттік мерекелер және атаулы даталар

Әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар жекелеген санаттардағы азаматтар

1

2

3

1

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

2

Жеңіс Күніне

(9 мамыр)

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі үшін Кеңес Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған азаматтары

3

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында еңбек кітапшасында алты айдан жоғары жұмыс жасағандығы туралы жазбасы немесе мұрағат анықтамасы бар тыл еңбекерлері

4

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері

5

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

Ленинград қоршауының тұрғындары және фашист концлагерінің тұтқындары

6

Жеңіс Күніне

(9 мамыр)

Афган соғысының мүгедектеріне және Чернобыль атом электр станциясының апатын жоюшы мүгедектер (бұдан әрі-АЭС)

7

Жеңіс Күніне

(9 мамыр)

Афган соғысының әскери-қатысушыларына және Чернобыль АЭС апатын жоюға 1986-1987 жылдары қатысушыларына және соған теңестірілген адамдар

8

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы

9

Жеңіс Күніне

(9 мамыр)

Чернобыль АЭС апатын жоюға 1988-1989 жылдары қатысушылары

10

Қарттар Күніне

(1 қазан)

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

11

Мүгедектер Күніне (қазанның екінші демалыс күні)

Барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар және мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

12

Қазақстан Республикасы Күніне (25 қазан)

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға)

13

Қала Күніне (қыркүйектін төртінші демалысы)

Қаланың құрметті азаматтары

14

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары

15

Жеңіс Күніне (9 мамыр)

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміміне 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2008.04.01 № 7/68 (жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін) шешімімен

Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдердің түрлері

N

Әлеуметтік төлемдерге құқықты азаматтардың санаттары

Әлеуметтік төлемдердің түрлері

1

алынып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 2008.04.01 № 7/68 (жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін) шешімімен


2

Облыстық маңыздағы дербес пенсионерлер

Ай сайынғы әлеуметтік көмек

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 3 қосымша

Әлеметтік төлемдердің түрлері, мерзімі және азаматтардың жекелеген санаттары

N

Әлеуметтік төлемдердің түрлері

Әлеуметтік төлемдердің мерзімі

Әлеметтік төлемдерге құқықты

азаматтардың жекелеген санаттары

1

Тіс салдыруға

Үш жылда бір рет

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Чернобыль атом электр станциясының апатын жоюшы мүгедектер

2

Дәрі - дәрмек алуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

3

Мерзімдік басылымның бір түріне жазылуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

4

Үй ішіндегі электр қондырғыларының қызмет етуіне

Ай сайынғы қосымша үстеме ақы

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, қаланың құрметті азаматтары