Бейнеу ауданының Қызыләскер селосын Сам селосы деп атау туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/29 шешімі және Маңғыстау облыс әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 447 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 қаңтарда N 1997 тіркелді

Қолданыстағы

      Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің Бейнеу ауданының Қызыләскер селосын Сам селосы деп атау туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыстық әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

       

1. Бейнеу ауданының Қызыләскер селосы Сам селосы болып аталсын.

       

2.Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы