Маңғыстау ауданының Отпан селолық округін құру туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/16 шешімі, Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 327-1 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қазанда N 1982 тіркелді

Қолданыстағы

      Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің Маңғыстау ауданының Отпан селолық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды селолық округінен Тұщыбек, 15-Бекет елді мекендері шекарасында бөлініп, орталығы Тұщыбек елді мекені болатын Отпан селолық округі құрылсын.

      2. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                     Облыс әкімі

      М. Молдағұлов                     Қ. Көшербаев

      Облыстық  мәслихат 
      хатшысы                             Б. Шелпеков