Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/17 шешімі, Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 327-2 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қазанда N 1981 тіркелді

Қолданыстағы

     Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай келіп, " Kазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Дәулет елді мекені "село" санатына жатқызылсын;
      "Жаңа Даулет" тұрғын жай алабы Даулет селосы аумағының құрамына енгізілсін;
      Мұнайлы ауданының Қызылтөбе селолық округінен бөлініп, орталығы және шекарасы Даулет селосы болатын Даулет селолық округі құрылсын;
      бұрын Өмірзақ селосына қарасты "Жалын", "Атамекен", "Арай", "Қаламқас", "Шағала", "Арман", "Көктем", "Тамшалы", "Туған ел" және "Болашақ" тұрғын жай алаптарының негізінде Атамекен селосы құрылсын;
      Мұнайлы ауданының, орталығы және шекарасы Атамекен селосы болатын Атамекен селолық округі құрылсын;
      Маңғыстау селосының құрамынан "Металлург", "Гранит" саяжай алаптары, "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативі бөлініп шығарылып, олардың негізінде Басқұдық селосы құрылсын;
      Мұнайлы ауданының, орталығы және шекарасы Басқұдық селосы болатын Басқұдық селолық округі құрылсын.      

      2. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы             Облыс әкімі

      М. Молдағұлов              Қ. Көшербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы

      Б. Шелпеков