Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 40 және Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 322 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 4196 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазалы ауданының тұрғындары 50 адамнан кем елді мекендері төмендегідей таратылсын, қалған шаруа және басқа да қоныстар сол ауылдық округтегі жақын орналасқан елді мекендердің құрамына қосылсын: 
      Көларық ауылдық округінің Шерекен және Мырзабек елді мекендерін Ақтан батыр елді мекеніне қосып; 
      Сарыкөл ауылдық округінің Сағыр, Ізтілеубазы, Қазанқап елді 
мекендерін Жұбан елді мекеніне қосып; 
      Сарыкөл ауылдық округінің Ботбай, Шоратай, Маймақ, Мырзабек елді мекендерін Абай елді мекеніне қосып; 
      Майлыбас ауылдық округінің Кеңтүп, Дарбас, Жаңаарық елді мекендерін Ақсуат елді мекеніне қосып.
      2. Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округінің Самұратбазы елді мекенінде тұрғындардың болмауына байланысты оның аумағы осы ауылдық округтің Жұбан елді мекеніне қосылып, таратылсын.
      3. "Қызылорда облысының статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Б. Сапар, келісім бойынша) осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      4. Қазалы ауданының әкімі шаруа және басқа да қоныстардың тұрғындарын ірі елді мекендерге көшуге және оларды келешекте жайластыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                    М. Құл-Мұхаммед

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                         А. Тайманов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                         Н. Құдайбергенов

      "Келісілді"
      Қызылорда облысының статистика
      басқармасының бастығы                       Б. Сапар