Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 41 сессиясының 2007 жылғы 23 шілдедегі N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 16 тамызда N 8-11-44 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 7 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.09.28 N 7 шешімімен.

      Аудан әкімінің 2007 жылғы 10 шілдедегі N 1-5/3295 ұсынысын қарастырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2006 жылғы 27 маусымдағы N 4 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 29 сессиясының шешімімен бекітілген "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасына" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-23 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы N 31 санында, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 32 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      1 бөлімнің 2 тармағында "20" саны "15" санына ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндетін атқарушы,
      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков