2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
1) жұмыспен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздар;
2) түберкулезбен ауыратын тұлғалар (түберкулез диспансерінің деректері бойынша)
3) ауған майдангерлері және Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысу салдарынан мүгедек болғандар;
4) мүгедектiгi бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын жұмыссыздар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
5) зейнетақысы 15 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушылар;
6) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
Әр түрлі негіздермен қосымша әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда тек қана бір негіз бойынша төлем төленуі қажет.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындайды және алушылардың өздері таңдаған тиісті лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктердегі жеке есепшоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етеді.
3. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттардың есебінен жүргізілсін.
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
IV сессиясының төрағасы Ж. Жетімеков
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдірсізов
КЕЛІСІЛДІ:
Жымыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
_________ Н. Гармашова
2007 жыл 26.12.