Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған II сессиясының 2007 жылғы 24 қазандағы N 21 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қарашада N 8-1-61 тіркелді

Жаңартылған

       2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
       1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.11.26 N 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
       2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
      1) Бөлім тізімдеріне енгізілген, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған алушылардың жеке шотына, ай сайынғы әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін;
      2) ай сайынғы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізсін;
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
       4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс ІI сессиясының
      төрағасы                                   Қ. Әбдіров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ бастығы                         М. Құсаинова