Жуалы аудандық мәслихаты мен әкімиятының ұсыныстарын қарай келе, ауыл тұрғындарының пікірін және облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 15 маусымдағы оңды ұйғарымын ескере "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңның 11 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округіне қарасты Ленин путь ауылына Әбдіқадыр есімі берілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сесиясының төрағасы С.АҚШАЛОВ
Облыс әкімі Б.ЖЕКСЕМБИН
Облыстық мәслихат хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ