Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Октябрьский ауылының атын Бәйтерек ауылы деп қайта атау туралы

Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 46 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 22-17 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 27 сәуірде N 1657 тіркелді.

Қолданыстағы

      Жуалы ауданының мәслихаты мен әкімиятының ұсыныстарын қарай келе, ауыл тұрғындардың пікірін және облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі оңды ұйғарымын ескере, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Октябрьский ауылына Бәйтерек атауы берілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет Департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыстық мәслихат
      сесиясының төрағасы                        Д.Жұмабаев

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.Савченко

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Ә.Әсілбеков