Хромтау ауданының Степное селосын Көкпекті ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 398 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 32 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 26 желтоқсанда N 3233 тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Хромтау аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Хромтау ауданының Степное селосы - Көкпекті ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкiмi
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы