Қобда ауданының Белогор ауылдық округін - Бестау ауылдық округі деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 213 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 391 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3222 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Қобда ауданының Белогор ауылдық округін - Бестау ауылдық округі деп қайта аталсын.
       2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы