Мәртөк ауданының Казанка селосын - Қазан ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 207 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 385 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3216 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданының Казанка селосы - Қазан ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы