Қобда ауданының Қызылту ауылын Егіндібұлақ ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 205 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 383 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3214 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданының Қызылту ауылы - Егіндібұлақ ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі
      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы