Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефонның абоненттік ақысының тарифтерінің көтеруге жәрдемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 21188 болып тіркелген), 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" қаулысы негізінде Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі»(қоса берілді) бекітілсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 10 қаңтарда N 901 болып тіркелген, 2002 жылғы 24 қаңтарда "Көкшетау" N 4 және 2002 жылғы 24 қаңтарда "Степной маяк" N 4 газеттерінде жарияланған Көкшетау қалалық мәслихатының шешімдеріне енгізілген кейінгі өзгерістермен: Көкшетау қалалық мәслихатының 2002 жылғы 25 маусымдағы N С-26/4 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 27 шілдеде N 1222 болып тіркелген, 2002 жылғы 10 тамызда "Көкшетау" N 31 және 2002 жылғы 10 тамызда "Степной маяк" N 31 газеттерінде жарияланған; Көкшетау қалалық мәслихатының 2003 жылғы 26 наурыздағы N С-37/9 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 21 мамырда N 1839 болып тіркелген, 2003 жылғы 22 мамырда "Көкшетау" N 21 және 2003 жылғы 22 мамырда "Степной маяк" N 21 газеттерінде жарияланған; Көкшетау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 4 қазандағы N С-16/10 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N С-20/5 "Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер енгізу туралы" шешімі, Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 19 қазанда N 2847 болып тіркелген, 2004 жылғы 25 қазанда "Көкшетау" N 46 және 2004 жылғы 25 қазанда "Степной маяк" N 46 газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Көкшетау қалалық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешім ресми баспасөзде жариялансын.
Төртінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының алтыншы
сессияның төрағасы, Көкшетау
қалалық мәслихатының хатшысы
Көкшетау қалалық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
N С-6/13 шешімімен бекітілген
Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеу үшін тұрғын үй көмегін ұсыну
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефонның абоненттік ақысының тарифтерінің көтеруге жәрдемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 21188 болып тіркелген), 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" қаулысы негізінде дайындалды.
2. Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын жайларын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілуіне байланысты көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі).
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті жылу беретін жеке меншік үйде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді
тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиісті.
5. Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы) болып саналатын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
6. Тұрғын үй көмегі тұрғын жайларын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқасына) ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қалалық телекоммуникацияға қосылған телефонға абоненттік ақының көтерілу бөлігі бойынша байланыс қызметтеріне шығуға тиісті шығын үлесінің шегінен дәлелді шығатын шығын жоғары болған кезде тағайындалады.
7. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері, көп балалы аналар, оралмандар отбасылары, Чернобыль атомдық электростанцияның авариясын жоюға қатысқан қатысушылар мен интернационал жауынгерлері үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа санаттағы азаматтар үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
8. Осы Ереженің 2 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның жалпы мүлкі күрделі жөндеуге шыққан шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар.
9. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару) нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып белгіленеді, бірақ ҚНмЕнің (құрылыс нормалары мен ережелері) есеп айырысуына сәйкес шекті көлем шамасынан асырылмайды.
Электрлік қуаттың шығын нормасы айына бір адамға 150 (бір жүз елу) киловатт белгіленсін;
Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
10. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері мен тарифтері заңнамалық тәртіппен белгіленбеген жағдайда шығынның орнын толтыру дәлелді шыққан шығын бойынша төленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен жоғары болмауы керек. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеулерге қосылатын шығындар өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы қызметтер толық көлемде көрсетілген есептеу құралдарының негізінде белгіленеді, алайда ол коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Сәуір айында есепке қабылданатын шығындар сәуір айы үшін ұсынылған түбіртектерге сәйкес дәлелді шығындар бойынша алынады.
11. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және оларға өзгертулерді қызмет көрсетушілер ұсынады.
2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
12. Меншігінде 1 бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
13. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасылардың 1,2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтуді жүзеге асыратын немесе 3 жасқа дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатындардан басқалары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамына есептелмейді.
14. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күннен бастап 3 ай мерзіміне тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің бастапқы ресімдеуі тәріздес жүргізіледі.
15. Тұрғын үй көмегі тағайындалуға үміткер отбасыларға есептеулер жүргізілгенде келесі шектеулер есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, алайда жұбайы бұл мекен-жайда тіркелмеген болса да, екеуінің де табысы есепке алынады және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегіне өтініш берген жұбайының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде тұрса, жұбайының қайда екенін білмесе (көрсетпесе) және бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
16. Тұрғын үй көмегін алатын немесе оның тағайындалуына үміткер отбасылар оны ресімдеу үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды (түпнұсқалары мен көшірмелері) ұсынуы қажет:
1) тұрғын үйдің иесімен (жалға алушымен) бірге тұратын отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін (техникалық паспорт, ордер, ауыстырудың жекешелендіру шарттары, сатып алу, сыйға беру, жалға алу және т.б.) құжаттар, меншік құқығы бар тұрғын үй бірлігінің (пәтерлер, үйлер) саны туралы ақпараттық анықтама (жылына бір рет).
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) отбасының табыстары және басқа да табыстар (өткен тоқсандағы) туралы мағлұмат;
5) жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
6) жалғызбасты аналар үшін АХАЖ (Азаматтық хал актілерін жазу) органдарынан N 4 нысанды анықтама;
7) өткен тоқсан үшін тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну қызметтеріне ақы төленгендігі туралы, жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығы туралы мәлімет, тұрғылықты емес газ плиталы үйлер үшін газ балондарын сатып алғандығы туралы анықтама. Байланыс қызметтері үшін (телефон үшін) жоғарлаған абоненттік төлем тарифтерінің өтемақысы үшін абонент қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжатты қоса береді;
Ескерту. 7 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
17. Кондоминиумның жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу шығынына жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Ереженің 15 тарауында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша ұсынады:
1) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жиналған мақсатты төлемдердің төленгендігі туралы түбіртек;
2) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғын үй иесінің, тұрғын үй иелерінің кооперативтері мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған шарттың көшірмесі;
3) кондоминиумның жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тапсыру-қабылдап алу актісінің көшірмесі.
18. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіліп, отбасына есептеулер жасалады. Есептеуге отбасының өкілі немесе отбасының атынан келген тұлға және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырған тұлға қол қояды. Есептеулердің негізінде екі дана шарт жасалады, бір данасы тұрғын үйдің иесіне (жалға алушыға) беріледі. Аталған шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болып табылады.
19. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, пайдалану шығындары және байланыс қызметтері бойынша шығындарға өтініш берілгеннің алдындағы тоқсандағы газ алғандығы жөніндегі анықтаманың, түбіртектердің орташа шығыны бойынша есептеулер жасалады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару бойынша шығындар коммуналдық қызметтерге толық ақы төлеу кезінде, есептеу құралдары бар болса, ақы төлеу дәлелі бойынша және қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызметтерге қайта есептеулер жүргізген кездегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
20. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі қызметіне өзінің меншігіндегі тұрғын үй нысанында қандай да болмасын өзгерістері туралы, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сондай-ақ мәртебесі туралы 10 күн ішінде ақпарат беруге тиісті.
21. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындау үшін әдейі жалған берілген мәліметтер бойынша заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады;
Ескерту. 21 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері - меншік иесінің (жалға алушының) үйді ұстауға және жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін норма шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынуға және бұл отбасының осы мақсатқа шығуға тиісті шығын деңгейі шегінің арасындағы айырмашылығы есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын, отбасының табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды іске асыратын уәкілді орган есептейді.
24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жергілікті бюджеттен берілген біржолғы төлемдер, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі:
1) еңбекақы түріндегі табыстар (еңбек ақының барлық түрлері, соның ішінде: сыйақы, қосымша ақы, ақшалай және заттай түрдегі әлеуметтік жеңілдіктер мен қосымша ақылар, сондай-ақ негізгі және қосалқы жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс істеген уақытқа қызметкерлерге төленген ақша сомасы енгізіледі);
2) зейнетақының барлық түрлері; шәкіртақылар; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; мемлекеттік әлеуметтік төлемдер; заң және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерімен тағайындалған жәрдемақылық төлемдер;
3) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға төленетін алименттер;
4) жарақат алу немесе денсаулыққа басқа да зардаптар алғанда шығынның орнын толтыру тәртібінде алынған біржолғы сомалар;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар;
6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар;
7) азаматтардың өз еріктерімен айтқан басқа да табыстары;
Ескерту. 24 тармақша жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
25. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін есептік көрсеткіш шамасының бес есе мөлшеріндегі кіріс (саяжай учаскесінен, үйдің жанындағы учаскеден, бақшадан түскен табыстардан басқалары) есептеледі.
26. Кәсіпкерлік қызметтен, мүлік және жер пайынан алынған табыс, өздері көрсеткен табыс ретінде есептеледі.
5. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
27. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде ұсынылады.
28. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ бір отбасыға жылына 5 (бес) тонна көмірден артық болмасын, отын шығыны 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады.
Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.
29. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан), тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
30. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормасы тұрғын үй көмегін есептеген кезде көмірдің құны мен шығын нормасына сәйкес есептеледі.
31. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты, тұрғын үй көмегі есептелген кезде тұрғын үйге шығатын барлық әлеуметтік шығындар нормасы (көмірдің құны) өтініш берілген тоқсанның үш айы есепке алынады.
32. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жекеменшік үйде тұратын отбасының орташа табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
33. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
34. Әр түрлі меншік нысанындағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегін төлемі қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
35. Ұстауға және коммуналдық қызметтерді ұсынудың есептеу-нормативтік шығындарын анықтау өкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
36. Тұрғын үй көмегіне үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес тұрғын үй көмегіне бөлінген қаражаттарды аудару коммуналдық қызметтерді жеткізушілеріне беріледі, телефон үшін өтемақы және тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін берілетін өтемақы, отынның (көмірдің) құны үшін берілетін өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарына аударылады.
Ескерту. Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/14 шешімімен.