Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қазандағы N 19 және Зеренді аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы N 3-13 шешіміне, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 қазандағы N А-687, 2007 жылғы 1 қазандағы № N А-688, 2007 жылғы 1 қазандағы N А-689, 2007 жылғы 1 қазандағы N А-690 қаулыларына және Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/4, 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/5, 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/6, 2007 жылғы 8 қазандағы N 2/7 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 26 қарашадағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді ауданы бойынша:
1) Бұлақ селолық округінің Пахарь селосы Қарлыкөл ауылына;
2) Қазоты селолық округінің Линеевка селосы Теректі ауылына;
3) Викторовка селолық округінің Лосевка селосы Бөгенбай би ауылына өзгертілсін.
2. Аршалы ауданы бойынша:
1)Ақбұлақ селолық округінің Мичурино селосы Ақбұлақ ауылына;
2)Бірсуат селолық округінің Раздольное селосы Бірсуат ауылына;
3)Красноозерный селолық округі Түрген ауылдық округіне және Тургеневка селосы Түрген ауылына өзгертілсін;
4) Вячеслав селолық округі Арнасай ауылдық округіне және Вячеславка селосы Арнасай ауылына өзгертілсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі