Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы N А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы N 4С-2-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 14 қазанда N 3236 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  11 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N А-3/96 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 наурыздағы N С-40-3 шешімі, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/159, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/160, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№а-5/161, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/162, 2007 жылғы 28 мамырдағы N а-5/163 қаулылары мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы N№С-41/5, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№С-41/6, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№С-41/7, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№С-41/8, 2007 жылғы 28 мамырдағы N№С-41/9 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі N А-201 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 42/1 шешімі, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N а-3/8 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N С-42/8 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 58 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 235/36-3 шешімі негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 25 маусымдағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. Ақкөл ауданы бойынша:
      1) Приозерный селолық округі мен Приозерное селосы Жалғызқарағай ауылдық округі мен Жалғызқарағай ауылына;
      2) Приозерный селолық округінің Лидиевка селосы Тастыадыр ауылына;
      3) Приозерный селолық округінің Қызылту селосы Қайнар ауылына;
      3) Ивановское селосы Азат ауылына өзгертілсін.
      2. Ерейментау ауданы бойынша:
      1) Ақмырза селолық округінің Тимофеевка селосы Ақмырза ауылына;
      2) Бестоғай селолық округінің Ильинка селосы Бестоғай ауылына;
      3) Звенигородка селолық округі мен Звенигородка селосына сәйкес Тайбай ауылдық округі мен Тайбай ауылына;
      4) Күншалған селолық округінің Ленинское селосы Күншалған ауылына;
      5) Торғай селолық округінің Стаханово селосы Қарағайлы ауылына өзгертілсін.
      3. Аршалы ауданы бойынша:
      Александров селолық округі мен Александровка селосына сәйкес Жібек жолы ауылдық округі мен Жібек жолы ауылына өзгертілсін.
      4. Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      Үлгі селолық округінің Казгородок селосы Үлгі ауылына өзгертілсін.
      5. Целиноград ауданы бойынша:
      Воздвиженка селолық округінің Новостройка селосы Жаңа Жайнақ ауылына өзгертілсін.
      6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі