Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
3, 8, 11 баптарына сәйкес, Ерейментау және Целиноград аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ
:
1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ерейментау ауданы бойынша:
Новодолинка селолық округінің Новодолинка селосы өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын және есептік деректерден алынып тасталсын:
Целинное қонысы Новодолинка селолық округі Новодолинка селосының құрамына енгізілсін.
2) Целиноград ауданы бойынша:
Талапкер селолық округінің шекарасы өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
Талапкер, Қажымұқан, Қызыл суат селолары және N 96 разъезд шекараларында Талапкер селолық округі, округ орталығы Талапкер селосы;
Қоянды, Шұбар, Малотимофеевка селолары шекараларында Қоянды селолық округі, округ орталығы Қоянды селосы.
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
Ақмола облысының әкімі