Азық-түлікке бағалардың қымбаттануына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы

Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 5 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 476 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның  6-бабын  және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның  8-бабын  басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Астана қаласы мәслихатының  
2007 жылғы 17 қазандағы   
N 15/4-IV шешімімен   
бекітілген        

Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      1. Осы Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке қосымша шаралар көрсету мақсатында әзірленді.

      2. Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:
      1) зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын жасы бойынша зейнеткерлерге;
      2) жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
      3) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасыларға;
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылады.

      3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

      4. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әкімгер) әкiмгер болып табылатын "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтерді Әкімгерге ұсынады (электрондық және қағаздық жеткізушілерде).

      6. Әлеуметтік көмек 2007 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражаттарды Астана қаласының екінші деңгейдегі банктері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.