Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы"27 желтоқсандағы N 661 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5106 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің міндетін атқарушы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы"27 желтоқсандағы
N 661 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже)"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) арасындағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру тәртібін белгілейді.

      2. Халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында білім беру ұйымдары үшін мынадай негізгі міндеттер айқындалған:

      1) білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективті жоспарын дайындау;

      2) білім беруді дамытудың негізгі әлемдік үрдістері туралы талдау материалдарын зерделеу және құру, ақпарат жинау;

      3) шетелдік әріптестермен білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу, жасасу және іске асыру;

      4) білім беру үдерісінің барлық деңгейлері мен барлық мамандықтары бойынша әлемдегі анағұрлым дамыған елдердің білім беру жүйелерімен отандық білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізу;

      5) шетелде оқу үшін орынды болып табылатын басым мамандықтардың жыл сайынғы тізілімін құру бойынша ұсыныстар дайындау;

      6) білім беру ұйымдарының барлық түлектеріне шет тілдерін еркін меңгеру үшін жағдайлар жасау;

      7) Қазақстан Республикасының оқу орындарында шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің және оралмандардың білім алуы үшін қол жетімділігін кеңейту;

      8) отандық білім беру жүйесін дамытуға қосымша қаржылық және материалдық қаражаттарды тарту үшін білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің экспортқа шығуын кеңейту, сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологияларды және тәжірибені тиімді қолдануға ықпал ететін жағдайларды жасау;

      9) білім беру ұйымдарында шетел мамандарын даярлау сапасын мемлекеттік есепке алуды және бақылауды жетілдіру және дамыту;

      10) оқу орындарының тәжірибесін қолдау және тарату арқылы шетелдік білім алушылармен осы бағытта анағұрлым тиімді жұмыс істейтін (рейтингтерді анықтау және жариялау, тізілімдерді жүргізу және сол секілді) білім беру ұйымдары жұмысының деңгейін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

      11) шетелдік азаматтарды оқу орнына қабылдау, оларды оқыту мен олардың оқу орынын бітіру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және болу ресімдерін жетілдіру және дамыту;

      12) Қазақстан Республикасының аумағында оқу, жұмыс істеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу кезеңінде шетел азаматтары үшін жайлы әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар жасау;

      13) Қазақстан Республикасы аумағында шетел азаматтарының қауіпсіздігін, олардың денсаулығын сақтауды, қазақстандық және шетел азаматтарының білім беру ұйымдарында оқу, жұмыс істеу немесе ғылыми- зерттеулер жүргізу кезеңінде әлеуметтік әріптестікке ықпал етуді қамтамасыз ету;

      14) шетел азаматтарына білім беру қызметтерін ұсынуда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жол бермеу шараларын қамтамасыз ету.

2. Халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру тәртібі

      3. Білім беру ұйымдары уәкілетті органдардың келісімі бойынша өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдің білім беру ұйымдарымен тікелей байланыстар орнатуға, білім беру саласында ынтымақтастық туралы екіжақты және көпжақты шарттар жасасуға құқылы.

      4. Шетелдік әріптестермен сыртқы байланыстарды және ынтымақтастықты орнату және дамыту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында халықаралық ынтымақтастық қызметі құрылады, егер:

      1) негізгі және даярлық факультеттерінде білім алушылар, докторанттар, шетелдік педагог және ғылыми қызметкерлер 10-нан кем емес шетелдік азаматтарынан (шетелдегі қазақ диаспорасының, оралмандардың және ТМД азаматтарының өкілдерін қоса алғанда) құралғанға;

      2) шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың шарттарын, келісімдерін, келісім-шарттарын және жұмыс бағдарламаларын белсенді және нәтижелі іске асырғанда;

      3) шетелдерде оқу, жұмыс істеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін білім беру ұйымдары жіберген және осы білім беру ұйымының жолдамасы бойынша шетелде оқуда жүрген Қазақстанның 10 азаматы болған жағдайда.

      Ескерту. 4-тармаққа орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Білім беру ұйымы бірінші басшысының бұйрығымен осы Қызметке қатаң есепке алынатын құжаттарды сақтау үшін бейімделген (металл есіктер, терезе торы, сигнал беру жабдығы) қажетті мүкаммалы, байланысы, ұйымдастыру техникасы, техникалық персоналдары (инспектор, әдіскер) бар қызметтік орын-жайлар бекітіледі. Осы бұйрықпен қызметкерлердің функционалдық міндеттері және Қызметі туралы ережесі бекітіледі.

      6. Осы Қызмет болмаған жағдайда білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында халықаралық ынтымақтастыққа жауапты тұлға тағайындалады.

      7. Қызметтің бастығы немесе халықаралық ынтымақтастыққа жауапты тұлға осы салада бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, шетелдік азаматтармен жұмыс тәжірибесі бар, шет тілін білетін және құпия құжаттарға рұқсаты бар тәжірибелі оқытушылардың ішінен тағайындалады.

      Қызмет бастығы немесе халықаралық ынтымақтастыққа жауапты тұлға білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалады және білім беру ұйымының бірінші басшысына және/немесе халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына бағынады және білім беру ұйымының қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылады.

      8. Қызмет немесе халықаралық ынтымақтастыққа жауапты тұлға мынадай қызметтерді орындайды:

      1) оқыту, педагог және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары, баспасөз қызметтері салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлауды және іске асыруды;

      2) бірлескен бағдарламаларды іске асыру туралы шетелдік әріптестермен келісімдер жасасу бойынша ұсыныстар енгізу, мәтіндерді келісу, даярлауды;

      3) жасалған келісімдерді іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді;

      4) оқуға, жұмыс істеуге немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шетелге оқуға бару үшін білім алушылардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің іссапарына қажетті құжаттарды жинауды және ресімдеуді, оларға уақытылы кіру құжаттарын ұсынуды, сондай-ақ оқуға, жұмыс істеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген шетел азаматтарына, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға, жұмыс істеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген шетел азаматының сауалнамасын толтыру, білім беру ұйымына шетел азаматтарын қабылдау үшін бұйрық дайындауын бақылауды;

      5) білім беру ұйымдарының ішкі құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген шетелдік іссапарлар жоспарын бекітуді, шетелдік іссапарлар (оқуға, жұмыс істеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге) үшін ұсынылған кандидаттардың тілдік және елтану дайындығын ұйымдастыруды;

      6) шетелдік іссапарлардың нәтижелері туралы толық есептердің ұсынылуын бақылауды, оқу үдерісіне әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, шетелдік іссапарлардың нәтижелерін енгізуді;

      7) жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында іс-сапарға жіберу үшін шетелдің білім алушыларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің резервін қалыптастыруды;

      8) оқуға, жұмыс істеуге және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келген шетел азаматтарын қабылдауды және орналастыруды;

      9) шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамаларын, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін түсіндіруді;

      10) шетел азаматтарын емдеуге, алдын ала медициналық тексеруді ұйымдастыруға ықпал етуді;

      11) кезекті оқу жылының халықаралық ынтымақтастық туралы қорытындысын талдауды және жинақтауды, халықаралық ынтымақтастық нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерді дайындауды және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Ереженің 2-қосымша сәйкес белгіленген нысан бойынша уақытылы ұсынуды (жыл сайын 15 шілдеге дейін);

      12) білім беру ұйымдарында шетел азаматтарының болуымен байланысты мәселелер бойынша шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен және ұлттық мәдени орталықтарымен келісім-шарттар орнатып, қолдауды;

      13) білім беру ұйымдарында халықаралық ынтымақтастықты дамытумен байланысты осы Ереженің 1-бөлімінде көрсетілген міндеттерді және басқа да қызметтерді орындауды;

      14) білім беру ұйымдарындағы шетелдік азаматтарға арналған даярлық бөлімдерін, сондай-ақ олардың оқуын, жұмысын немесе жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалпы басшылыққа алуды жүзеге асыруды.

      Ескерту. 8-тармаққа орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Білім беру ұйымдары жүзеге
асыратын халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыру
ережесіне 1-қосымша

      Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға,

      жұмыс істеуге немесе ғылыми зерттеулерді жүргізуге келген

      шетел азаматтарының сауалнамасы

      КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ!!!

      Қара түсті баспасөз әріптерімен толтырылады





3x4 фотосы

1.

Тегі

Аты

Әкесінің аты


2.

Жынысы


3.

Азаматтығы (бір елдің азаматы болуы)


4.

Туған жері (елі, қаласы, әкімшілік аймақтық бірлігі)


5.

Ұлты


6.

Діні


7.

Саяси және қоғамдық ұйымдарға жататындығы


8.

Тұрақты тұратын мекен жайы, байланыс телефондары


9.

Отбасының жағдайы



      10. Туыстары туралы мәлімет:

Туыстық деңгейі

Т.А.Ә

Туған жылы

Қызмет түрі

Тұрақты тұратын мекен-жайы

Әкесі





Анасы





Ағасы, інісі





апасы, сіңлсі-

қарындасы





Жұбайы





Балалары





Басқа да жақын туыстары






      11. Қазақстан Республикасына келгенге дейінгі білімі

№N

Білім беру ұйымының атауы

Оқу бағдарламасы

Оқу жылдары

Білім беру ұйымының типі

(*)

Білімі туралы құжат




















      * Мемлекеттік, жеке меншік, рухани, зайырлы, әскери

1.

Тілдерді білуі, оларды

игерген деңгейі (ауыз-

ша, оқуы, хат)


2.

Қазақстан Республикасы-

на келгенге дейінгі

соңғы 5 жылғы қызметі

(оқу, жұмыс, әскери

қызметі, қоғамдық қыз-

меті, басқа да қызмет

түрлері)


3.

Қазақстан Республика-

сына келу себебі оқу,

жұмыс, ғылыми зерттеуді

жүргізу

(жіберген мемлекет ( ),

туыстар кеңесі ( ) не-

месе басқа да тұлғалар

( ), оқуы үшін қымбат

емес төлем ( ); білімі-

нің жоғары деңгейі ( ),

біздің елмен танысуы ниеті ( ), келісім-шарт

міндеттемелері ( ), басқа да себептері ( )-

таңдаған тәртібінде көрсету - 1,2,3 және

т.б.)


4.

Білім беру ұйымындағы

оқу мамандығы, жұмыс

мақсаты, Қазақстан Рес-

публикасындағы ғылыми

зерттеу тақырыбы


5.

Өзі туралы, басқа

мәліметтер, тілектер,

ұсыныстар туралы

хабарлаңыз



      17. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық ахуалының мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жатақханада тұру және өзін ұстау тәртібімен, білім беру ұйымындағы ішкі тәртіппен, Қазақстан Республикасының Заңдарын бұзу жауапкершілігі туралы материалдармен таныстым.

      Онда көрсетілген шарттарды және талаптарды орындауға міндеттенемін.

      "_____"____________ _____ж. Қолы ____________________

  Білім беру ұйымдары жүзеге
асыратын халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыру
ережесіне 2-қосымша

      ___________________________________________ _______жылғы

      (білім беру ұйымының атауы)

      халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі туралы мәліметтер

      1. Мекен жайы, орналасқан жері (корпус, бөлмесі) көрсетілген сыртқы байланыстар бойынша жұмыстарды тікелей жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының ішкі құрылымдық бөлімшелерінің тізбегі.

      2. Халықаралық ынтымақтастықты іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалардың Т.А.Ә және жұмыс және үй телефоны көрсетілген тізім.

      3. Шетел азаматтарының (шетелдік қазақ диаспорасы, оралмандар және ТМД азаматтары өкілдері қосқанда) Т.А.Ә., туған жылы, болатын елі, болу бағыты, мамандығы, курсы, тұратын жері оқуы (жұмысы, зерттеу жүргізу), аяқталатын болжамды күні көрсетілген тізімі.

      4. Білім беру ұйымынан шетелге оқуға, жұмысқа, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының Т.А.Ә., туған жылы, Қазақстанда тұратын жері және шетелде уақытша тұратын жері, мақсаты, мерзімі, шетелдік іссапарының орны, Қазақстан Республикасына қайтып келетін күні көрсетілген тізім.

      5. Халықаралық ынтымақтастық бойынша білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының көшірмесі.

      6. Шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жасалған ынтымақтастық келісім-шарттарының, келісімдерінің, шарттарының, жұмыс бағдарламаларының көшірмелері.

      7. Шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жасалған ынтымақтастық келісім-шарттарының, келісімдерін, шарттарын, жұмыс бағдарламаларын іске асыру туралы қысқаша мәліметтер.

      8. Халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуы туралы қысқаша ақпарат.

      9. Шетел азаматтарымен жинақталған топтар, тілдік даярлықты ұйымдастыру, үлгерімі нашарлармен жұмыс, шетелдіктерді оқытумен айналысатын оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру, шетел азаматтарының білім алушылармен және педагог және ғылыми қызметкерлерімен жеке жоспарларды орындау туралы, шетел азаматтарының болашақтағы еңбек қызметінің ерекшеліктерін есепке алатын арнайы курстар, арнайы семинарлар тізімі, шетел азаматтары - білім алушылар үшін педагог және ғылыми қызметкерлермен дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар тізімін қоса қарастыру принципімен оқу үдерісін, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы қысқаша ақпарат.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.