Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттердің конкурстық іріктеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 631 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5077 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабы  7) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу ережесі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің  
2007 жылғы 14 желтоқсанда    
N 631 бұйрығымен бекітілген   

Инновациялық білім беру бағдарламаларын
енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеуді өткізудің тәртібі мен өлшемдерін айқындайды.

  2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап

      2. Конкурсқа қатысушы университеттер төмендегі өлшемдер бойынша іріктеледі:
      1) стратегиялық бағдарламасы дамыған менеджмент сапасының жүйесі енгізілуі тиіс;
      2) халықаралық және ұлттық деңгейде сыйақысы бар болуы керек;
      3) ғылыми және ғылыми-технологиялық жобаларды, оның ішінде шетелдік серіктестіктермен өткізілуі тиіс;
      4) ғылыми-зерттеу институты және ғылыми қызметкерлердің штат кестесі болуы тиіс;
      5) құрылған ашық құрал-жабдықтары бар ғылыми объектісі болуы тиіс;
      6) әр түрлі отандық және шетелдік университеттер мен белсенді қызметтес шарттар болуы тиіс;
      7) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларының болуы;
      8) ғылыми қызметті коммерциализациялауды қолдау жүйесі болуы тиіс;
      9) жетілген ақпараттық базасы, Web-порталы, Интернетке қосылған компьютер желісі болуы тиіс.

  3.Конкурсқа хабарландыру беру тәртібі

      3. Білім саласындағы уәкілетті орган конкурстық іріктеуді өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру жібереді.

      4. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұруы тиіс:
      1) өтінімдерді қабылдайтын уәкілетті органдардың мекен-жайы (қажет болған жағдайда қабылдау уақыты, бөлменің нөмірі, байланыс телефонының нөмірі көрсетілуі тиіс);
      2) өтінімдерді қабылдаудың мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққаннан кейін отыз күнтізбелік күн);
      3) конкурс өткізудің күні, уақыты және орны;
      4) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса құжаттардың тізімі.

  4. Конкурстық комиссияның қалыптасуының тәртібі

      5. Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу құрылған конкурстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрылуы және оның құрамы білім саласындағы уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      6. Комиссияның құрамына: төраға, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссияның құрамының саны кем дегенде тоғыз адамнан аспауы қажет.

      7. Комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшылар, мамандар және республикадаға жетекші мамандар тартылады.

      8. Конкурсқа қатысатын комиссияның құрамы және құжат тапсыру уақыты жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      9. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық университеттері қатыса алады.

  5. Конкурсты өткізу тәртібі

      10. Конкурсқа қатысушы университет конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға төмендегі құжаттарды тапсырады:
      1) конкурсқа қатысуға өтінім;
      2) инновациялық университеттің мәртебесін беру туралы құжаттардың жобасы;
      3) мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаның көшірмесі;
      4) білім беруді іске асыруға құқығы бар лицензияның көшірмесі;
      5) университеттің жарғысының көшірмесі;
      6) потенциалды кадрлардың көрсеткіштері;
      7) халықаралық келісім-шарттардың көшірмелері;
      8) мемлекеттік бюджеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаны туралы мәлімет.

      11. Комиссия тапсырылған құжаттарды барлық жағынан ақпараттың дұрыстығын, белгіленген талаптарға өлшемдерінің сәйкестігін анықтап бағалайды.

      12. Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия университеттерден қосымша мәліметтер сұратады.

      13. Комиссиялардың шешімі қарапайым көпшілік дауыстармен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

      14. Конкурстық іріктеуінің оң қортындысын алған университеттердің қортындылары хабарландыру шыққаннан кейін жеті күнге дейін баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      15. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануына болады.