"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 бұйрығына (2007 жылғы 25 сәуірдегі N 62 "Юридическая газета" газетінде және 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 62 "Заң газетінде" жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасында "2007 жылғы 1 желтоқсаннан" деген сөздер "2008 жылғы 1 шілдеден" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберуді және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.