Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
6-тармақтан
қараңыз.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілсін:
1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) (1-Қосымша);
2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат (2-Қосымша);
3) қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, қаржы орталығының органдарынан басқа (3-Қосымша).
2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу департаментіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде орналасуын Әкімшілік-қаржы департаментіне қамтамасыз етілсін.
4. Осы бұйрықтың Агенттіктің Даму департаментіне бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Агенттік веб-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу
агенттігі Төрағасының
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 02-02/290 бұйрығымен
бекітілген
(1-Қосымша)
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын - заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, заңды тұлға туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік регистріне және тіркеуші органның заңды тұлғалар реестріне енгізуді, оларға Бизнес Идентификациялық Нөмір (бұдан әрі - БИН) және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, сонымен қатар әділет органдарына іске асырылған мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды.
2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) жартылай автоматтандырылған.
3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Қызметті Қазақстан Республикасы Агенттігі көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 181; веб-сайт: www.rfca.kz.
6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болғысы келетін субъектілерге көрсетіледі.
7. Қызмет қажетті құжаттар тіркелген өтінішті ұсыну күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Қызмет ақылы болып табылады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алымының көлемін бекіту туралы" Қаулысымен белгіленген 7600 (жеті мың алты жүз) теңгені құрайтын төлем алынады. Төлем бюджетке салық төлеушінің салық төлеуші ретінде тіркелген орнында төленеді.
9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында ( www.rfca.kz. ), және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін келесі құжаттар ұсынылады:
белгіленген үлгідегі қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшының уәкілетті тұлғасы қол қояды);
мемлекеттік және орыс тілінде әзірленген жарғының үш данасы; құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшының шешімінің қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы;
заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат жатады. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беруге нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
салық төлеушінің салық, міндетті зейнетақы салымдары және Қазақстан Республикасы аумағында әлеуметтік салымдар бойынша берешегінің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын бюджетке төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
құжаттарды беру және алу құқығын иеленуге сенімхат (екі дана).
Ескерту:
Шет ел қатысуымен қызмет ететін заңды тұлғаларды тіркеу кезінде ұсынылған құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде басқаша белгіленбеген болса, келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
Құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа да заңы құжат, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін:
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қайта тіркеу туралы өтініш (құрылтайшы және құрылтайшының өкілетті тұлғасы қол қояды);
заңды тұлғаның өкілетті органының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі енгізілген өзгертулерімен (толықтыруларымен) құрылтай құжаттарының үш нұсқасы. Мұнда өзгертулер мен толықтырулар екі түрде рәсімделе алады: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда әзірлеу немесе бұрынғы құрылтай құжаттарын енгізілген өзгерістерді қосымша ретінде рәсімдеу;
заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат жатады. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беруге нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
Қайта тіркеу себебіне байланысты заңды тұлға Агенттікке Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес, басқа құжаттарды ұсынуы шарт. Атап айтқанда, шаруашылық серіктестігінің құрамынан шыққан жағдайда (шаруашылық серіктестік қатысушылары реестрін бағалы қағаздар ұстаушылары реестрі жүйесін іске асыру қызметіне лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда), Қазақстан Республикасы заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес, бас тартуды (беру) немесе серіктестіктен шығатын қатысушының мүліктің бір бөлігіне (жарғылық капиталда) деген құқықтарының басқаға өтуін растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлға қатысушыларының (акционерлік қоғам акционерлері) құрамына жаңа қатысушы - заңды тұлға кірсе, тіркеуші органға құрылтай құжаттарымен бірге жаңа қатысушы - заңды тұлғаның салық борышқорлығының жоқтығы туралы анықтама ұсынылады.
Қайта тіркеуге әкеп соқпайтын құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу үшін:
еркін түрде жазылатын өтініш;
заңды тұлғаның өкілетті органының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі енгізілген өзгертулерімен (толықтыруларымен) құрылтай құжаттарының үш нұсқасы. Мұнда өзгертулер мен толықтырулар екі түрде рәсімделе алады: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда әзірлеу немесе бұрынғы құрылтай құжаттарын енгізілген өзгерістерді қосымша ретінде рәсімдеу. Егер заңға сәйкес, құрылтай құжаттарын нотариалды растау қажет болса, ондағы өзгертулер мен толықтырулар да нотариалды расталуы қажет;
бұрынғы құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттар. Заңды тұлғаның - қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін дәлелдейтін құжаттарға жалға алу, сатып алу келісімдерінің, кеңсеге деген құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері, және азаматтық заңнамада қарастырылған басқа құжат. Егер кеңсе иесі жеке тұлға болса, жеке тұлғаның заңды тұлға - қаржы орталығы қатысушысының орналасатын жері ретінде кеңсені беру туралы нотариалды расталған келісімі ұсынылады;
құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
Тарату негізінде заңды тұлға жұмысының тоқтатылуын тіркеу үшін:
Таратуды тіркеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініш (құрылтайшы және құрылтайшының өкілетті тұлғасы қол қояды);
заңды тұлға меншігі иесінің немесе меншік иесі өкілетті органының немесе құрылтай құжаттарымен өкіліне берілген заңды тұлғаның органының шешімі;
құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, статистикалық карточка;
заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың шағымдану мерзімдері мен тәртібі туралы ақпараттың баспасөз беттерінде жариялануы туралы құжат;
таратылатын заңды тұлғаның мүлік құрамы туралы ақпаратты, кредиторлар шағымдары тізімін, оларды қарастыру нәтижелерін қамтитын аралық ликвидациялық баланс;
ликвидациялық баланс;
заңды тұлға мүлкінің иесінің немесе заңды тұлғаның тарапы туралы, аралық және ликвидациялық балансты бекіту туралы шешімді қабылдаған, заңды тұлғаның мөрі басылған, шешімі;
заңды тұлға мөрінің жойылуы туралы құжат;
салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілетті органның акциялар шығаруды жою туралы хабарламасы (акционерлі қоғамдар үшін);
бюджетке заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
құжаттарды ұсыну және алуға сенімхат (екі дана).
Қазақ және орыс тілдерінде әзірленген құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген күйі үш нұсқада ұсынылады, және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте расталады.
Банктің еншілес ұйымы - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі жағдайында, банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган ұсынған еншілес ұйым құруға рұқсаты қажет.
13. Тіркеу (қайта тіркеу) және тарату туралы өтініш формалары Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.kz. орналастырылады.
14. Құжаттарды қабылдау Агенттік ғимаратында келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 107 бөлме, байланыс телефоны (727) 2449-500.
15. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.
16. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін, статистикалық карточканы, салық төлеуші куәлігін алу келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 107 бөлме.
17. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)ден бас тартуға келесі жағдайлар негіз болады:
құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетіспеушіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы немесе аударым және нотариалды растау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ заңнамалық актілері қарастыратын басқа да негіздемелер бойынша мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі үзіледі;
заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ табыстау актісін немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагерлігі туралы ережелердің болмауы, сонымен қатар құрылтайшы әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылуы және (немесе) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы әрекет етпейтін заңды тұлғалардың басшысы болуы, немесе оның әрекет етуге қабілетсіз не шектеулі түрде қабілетсіз, іс-түзсіз жоғалған немесе өлген деп жариялануы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192, 216, 217 баптары бойынша қылмыстары үшін сотталған деп танылуы, және жеке тұлғаны куәландыратын жоғалған құжаттардың ұсынылуы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартқан немесе тіркеу мерзімін үзген жағдайларда, тіркеуші орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сілтемесі бар бұйрық шығарады. Бас тартылған жағдайда, өтініш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін төленген алым қайтарылуға жатпайды.
18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
4) ізетті әрі әдепті болуы;
5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.
19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.
20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.
21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажетті ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 105 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449500 (ішкі нөмір 1136).
22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)244 95 00 (ішкі нөмір 1131).
23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымының қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.
24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)244 95 00 (ішкі нөмірлер 1136, 1133), немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.kz.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушылары - заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу)" мемлекеттік
қызметін көрсету стандартына
Қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Сапа және қол
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің есепті жыл-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. құжаттарды
|
95% |
80% |
75% |
1.2. қызмет алуды
|
90% |
50% |
40% |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну
|
90% |
70% |
60% |
2.2. құжаттарды
|
95% |
85% |
75% |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну
|
80% |
60% |
50% |
3.2.тұтынушы құжат-
|
80% |
45% |
30% |
3.3. Интернет арқылы
|
50% |
40% |
30% |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтыну-
|
0,1% |
0,3% |
0,5% |
4.2. белгіленген
|
95% |
70% |
60% |
4.3. шағымданудың
|
95% |
60% |
50% |
4.4. шағымдану мер-
|
90% |
60% |
50% |
5. Сыпайлық |
|||
5.1. қызметкерлердің
|
90% |
70% |
60% |
Ескертпе: Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу
агенттігі Төрағасының
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 02-02/290 бұйрығымен
бекітілген
(2-Қосымша)
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) өтініш берушілердің тиісті уәкілетті органға виза беру, визаның жарамдылық мерзімін ұзарту, виза санатын өзгерту туралы қолдаухат беруге деген өтініштерін қарастыруды және өтініш берушілерге олардың заңдық маңызы бар әрекет етулері үшін тиісті жазбаша қолдаухат беруді қамтиды.
2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет) автоматтандырылмаған.
3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2 тармағының 2) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181; веб-сайт: www.rfca.kz.
5. Қызметтің аяқталу формасы Агенттіктің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру, аталған тұлғалардың визаларының мерзімін ұлғайту және виза санатын өзгерту туралы жазбаша қолдаухат болып табылады.
6. Қызмет Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына олар шақырушы тарап болған жағдайда, көрсетіледі.
7. Қызмет қажетті құжаттар тіркелген өтінішті ұсыну күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында ( www.rfca.kz. ) және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Қызметті пайдалану үшін өтініш беруші Агенттікте Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызмет істеу үшін Қазақстан Республикасы территориясына келетін шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат алуға арналған тиісті формадағы өтінішті ұсынады, өтініш келесі ақпаратты қамтиды:
1) әр шет ел азаматының және (немесе) азаматтығы жоқ тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) туылған күні және орны;
3) азаматтығы (шет ел азаматтары үшін);
4) резиденттік еліндегі қызметі және лауазымы;
5) резиденттік еліндегі мекен-жайы;
6) Қазақстан Республикасындағы мекен-жайы;
7) келу мерзімі;
8) виза еселігі;
9) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;
10) виза алу орны;
11) Қазақстан Республикасы территориясына келу және Қазақстан Республикасы территориясынан кету көлігінің түрі;
12) өтініш берушінің қолы (өтініш Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы арқылы берілген жағдайда, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы мен заңды тұлғаның мөрі).
Өтінішке осы тармақтың 1) 2) 3) 4) және 9) тармақшаларында ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі.
13. Өтініш формасы Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында www.rfca.kz. орналастырылады.
14. Құжаттар қолма-қол және келесі пошталық мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 106 бөлме, байланыс телефондары (7272)449-500.
15. Агенттік кеңсесіне құжат тапсыру кезінде, өтініш берушіге құжат қабылдаушы тұлғаның аты-жөні, қабылдау уақыты, күні жазылған талон беріледі.
16. Виза беру туралы, виза мерзімін ұлғайту туралы, немесе виза санатын өзгерту туралы қолдаухат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 181, N 106 бөлме немесе поштамен өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша.
17. Қолдаухат алуға қажетті ақпараттың болмауы және тиісті растайтын құжаттардың болмауы жағдайында, Қызмет көрсетілмейді.
18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
4) ізетті әрі әдепті болуы;
5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.
19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.
20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.
21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 105 бөлме, байланыс телефоны: (727)244-95-00 (ішкі нөмір 1136).
22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев көшесі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)244-95-00 (ішкі нөмір 1131).
23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымның қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.
24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)244 95 00 (ішкі нөмірлер 1136, 1133) немесе Агенттік веб-сайты www.rfca.kz.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығында қызмет істеу үшін
Қазақстан Республикасы территориясына
келетін шет ел азаматтары мен
азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру
туралы қолдаухат" мемлекеттік
қызметін көрсету стандартына
Қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Сапа және қол
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылығы |
|||
1.1. құжаттарды тап-
|
95% |
80% |
75% |
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылар-
|
90% |
50% |
40% |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
|
90% |
70% |
60% |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргі-
|
95% |
85% |
75% |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну
|
80% |
60% |
50% |
3.2. тұтынушы құжат-
|
80% |
45% |
30% |
3.3. Интернет
|
50% |
40% |
30% |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтыну-
|
0,1% |
0,3% |
0,5% |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттанды-
|
95% |
70% |
60% |
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәрті-
|
95% |
60% |
50% |
4.4. шағымдану мер-
|
90% |
60% |
50% |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлер-
|
90% |
70% |
60% |
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 ж. 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу
агенттігі Төрағасының
2007 жылғы 26 қарашадағы
N 02-02/290 бұйрығымен
бекітілген
(3-Қосымша)
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін, қаржы орталығының органдарынан басқа, ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ереже
1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының органдарынан басқа, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) арыз берушілердің арнауларын қарастыру мен оларға кейінгі аударма қызметін ұсынудан құралады.
2. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының органдарынан басқа" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Қызмет көрсету) автоматтандырылмаған.
3. Қызмет "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Қызметті Агенттік көрсетеді. Қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, веб-сайты: www.rfca.kz.
5. Қызмет көрсетудің аяқтау нысаны тұтынушы ұсынған аудармаларды оларға қағаз жүзінде және электронды түрде құжаттарды тапсыру болып табылады.
7. Қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды қосымшасымен бірге өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.
9. Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Агенттіктің веб-сайтында ( www.rfca.kz. ), және Агенттік ғимаратының кіре берісінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
10. Агенттіктің жұмыс уақыты сағат 9.00 - 18.00 аралығында (түскі ас 13.00 - 14.00), сенбі мен жексенбіден басқа күндері. Қызмет алдын-ала жазылусыз көрсетіледі, жедел қызмет жоқ.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушы белгіленген нысана бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін, Агенттікке қаржы орталығы қатысушыларының құжаттарын мемлекеттік органдарға ұсыну үшін ағылшын тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару арнауы, қаржы орталығының органдарынан басқа, келесілерден тұруы шарт:
1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысының атауы, орналасқан мекен-жайы және байланыс телефондары;
2) тіл (мемлекеттік және/немесе орыс), ағылшын тілінде ұсынылған құжаттар қандай аударманы қажет етеді;
3) қосымшадағы беттер саны;
4) өңірлік қаржы орталығы қатысушысының бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушының қолы;
5) өңірлік қаржы орталығы қатысушысының - заңды тұлғаның мөрі.
Өтінішке қоса аударуға ұсынылған құжаттар (қағаз жүзінде және электронды түрде) беріледі.
Аударуға ұсынылған құжаттар келесі параметрлерге сай болуы қажет:
тіл - ағылшын;
әріп - Times New Roman;
әріп мөлшері - 14.
13. Өтініш формасы Агенттік ғимаратының көрнекті жерінде және Агенттіктің ресми веб-сайтында ( www.rfca.kz. ) орналастырылады.
14. Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қонаев көшесі 181, N 400 кабинет, байланыс телефондары (727) 2449-500 ішкі 1163.
15. Агенттіктің кеңсесіне құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға кеңсе қызметкерімен қабылданған күн мен уақыт, тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
16. Тұтынушы аударылған мәтіндерді (қағаз жүзінде және электронды түрде) алу үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, N 400 кабинет, немесе тұтынушының көрсетілген мекен-жайы арқылы алуға болады.
18. Қызмет көрсететін Агенттік қызметкерлері өз жұмысында:
1) қарапайымдылық танытып, көліктік, қызметтік және басқа қызметтер көрсету кезінде лауазымын өз қажетіне пайдаланбауы;
2) өз әрекеттері мен шешімдері арқылы заңды тұлғалар тарапынан негізі бар сынға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жоюы және профессионалдық қызметін жақсартуға пайдалануы;
3) құжаттарды қарастыру кезінде бюрократизм мен әбігерлікке жол бермеуі және олармен күресуге қажетті шаралар қабылдауы;
4) ізетті әрі әдепті болуы;
5) заңды тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың бүтіндігін сақтауы тиіс.
19. Өтініш берушілерге Қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сай, сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады.
20. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты бағыттары жыл сайын Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құрылатын жұмыс тобында бекітіледі.
21. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын Агенттік қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жағдайында, мұндай фактілерді ұсынуға қажет ақпарат алу үшін және шағымды даярлауға көмек алу үшін өтініш беруші мына мекен-жайға хабарласа алады: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев к-сі 181, N 400 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449-500 (ішкі нөмір 1163).
22. Шағым мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қонаев к-сі 181, N 104 бөлме, байланыс телефоны: (727)2449-500 (ішкі нөмір 1163).
23. Агенттік кеңсесінде шағым қабылдау кезінде, шағымданушыға оның шағымының қабылданғаны туралы көшірмесі (қабылдау күні, қабылдаған тұлға, және тіркеу нөмірі көрсетілген) беріледі.
24. Байланыстық ақпарат мына мекен-жай бойынша беріледі: Алматы қаласы, Қонаев к-сі 181, телефондар: (727)2449-500 (ішкі нөмірлер 1163, 1180), немесе Агенттік веб-сайты: www.rfca.kz.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының құжаттарын
мемлекеттік органдарға ұсыну үшін,
қаржы орталығының органдарынан басқа,
ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс
тілдеріне аудару" мемлекеттік қызметін
көрсету стандартына
Қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Сапа және қол
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің
|
Көрсеткіштің
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгілен-
|
95% |
80% |
75% |
1.2. қызмет алу-
|
90% |
50% |
40% |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің
|
90% |
70% |
60% |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дүрыс ресімдеген жағдайдың (жүргі-
|
95% |
85% |
75% |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі ту-
|
80% |
60% |
50% |
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиға-
|
80% |
45% |
30% |
3.3. Интернет ар-
|
50% |
40% |
30% |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетіл-
|
0,1% |
0,3% |
0,3% |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған
|
95% |
70% |
60% |
4.3. шағымданудың
|
95% |
60% |
50% |
4.4. шағымдану мерзіміне қана-
|
90% |
60% |
50% |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкер-
|
90% |
70% |
60% |
Ескертпе: көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 02-01-02/172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі.