Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 602 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5055 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабының  15) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі;
      2) Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Мынадай:
      1) "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы  N 945  бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3269);
      2) "Экстернат нысанында білім алуға  рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 сәуірдегі  N 229  бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3620);
      3) "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 446  бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4386 тіркелген) күші жойылсын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Білім және ғылым министрінің
                                        2007 жылғы 3 желтоқсандағы
                                        N 602 бұйрығымен бекітілген

   Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол
      берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі
 

Код

Мамандықтардың топтары және мамандықтардың атауы

Оқытудың сырттай нысанында жоғары білім беру мамандықтары
(бакалавриат)

1. Өнер

050406

Режиссура

050407

Актерлық өнер

050408

Эстрадалық өнер

050409

Хореография

050410

Сценография

050411

Композиция

050412

Операторлық өнер

050413

Сурет салу

050414

Графика

050415

Мүсіндеу

050416

Өнертану

050417

Декоративтік

050421

Дизайн

2. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050718

Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында)

050719

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
(жалпы орта білім беру базасында)

050732

Стандарттау, сертификаттау және метрология
(жалпы орта білім беру базасында)

3. Ауыл шаруашылығы ғылымдары

050806

Агроинженерия

4. Қызмет көрсету

050903

Жерге орналастыру

050907

Кадастр

5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

051101

Мейіркештік іс

051102

Қоғамдық денсаулық сақтау

051103

Фармация

051301

Жалпы медицина

051302

Стоматология

6. Ветеринария

051201

Ветеринарлық медицина

051202

Ветеринарлық санитария

Оқытудың кешкі нысанында жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат)

1. Өнер

050402

Аспаптық орындау

050403

Вокалдық орындау

050405

Дирижерлеу

050406

Режиссура

050407

Актерлық өнер

050408

Эстрадалық өнер

050409

Хореография

050410

Сценография

050411

Композиция

050412

Операторлық өнер

050413

Сурет салу

050414

Графика

050415

Мүсіндеу

050416

Өнертану

050417

Декоративтік өнер

050421

Дизайн

2. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050718

Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында)

050719

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
(жалпы орта білім беру)

050732

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
(жалпы орта білім беру)

050732

Стандарттау, сертификаттау және метрология
(жалпы орта білім беру базасында)

3. Ауыл шаруашылығы ғылымдары

050806

Агроинженерия

4. Қызмет көрсету

050903

Жерге орналастыру

050907

Кадастр

5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

051101

Мейіркештік іс

051102

Қоғамдық денсаулық сақтау

051103

Фармация

051301

Жалпы медицина

051302

Стоматология

6. Ветеринария

051201

Ветеринарлық медицина

051202

Ветеринарлық санитария

Оқытудың экстернат нысанында жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат)

1. Білім

050105

Дефектология

050106

Музыкалық білім

050109

Математика

050110

Физика

050111

Информатика

050112

Химия

050113

Биология

050116

География

050119

Шет тілі: екі шет тілі

2. Гуманитарлық ғылымдар

050208

Археология және этнология

3. Өнер

050402

Аспаптық орындау

050403

Вокалдық өнер

050405

Дирижерлеу

050406

Режиссура

050407

Актерлық өнер

050408

Эстрадалық өнер

050409

Хореография

050410

Сценография

050411
050412
050413

Композиция
Операторлық өнер
Сурет салу

050414

Графика

050415

Мүсіндеу

050416

Өнертану

050417

Декоративтік өнер

050420

Сәулет

050421

Дизайн

050422

Баспа ісі

4. Жаратылыстану ғылымдары

050601

Математика

050603

Механика

050604

Физика

050605

Ядерлық физика

050606

Химия

050607

Биология

050608

Экология

050609

География

050610

Гидрометеорология

050611

Астрономия

5. Техникалық ғылымдар және технологиялар

050701

Биотехнология

050702

Автоматтандыру және басқару

050704

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

050706

Математика және компьютерлік моделдеу

050707

Тау-кен ісі

050708

Мұнай-газ ісі

050709

Металлургия

050710

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

050711

Геодезия және картография

050712

Машина құрастыру

050713

Көлік, көлік техникасы және технологиясы

050714

Авиациялық техника және технологиялар

050715

Теңіз техникасы мен технологиясы

050716

Приборлар жасау

050717

Жылу энергетикасы

050718

Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында)

050719

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
(жалпы орта білім беру базасында)

050720

Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы

050721

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

050722

Полиграфия

050723

Техникалық физика

050724

Техникалық машиналар және жабдықтар

050725

Ағаш өңдеу технологиясы

050726

Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен заттары
технологиясы

050727

Тағамдық заттар технологиясы

050728

Өңдеу өндірістері технологиясы

050729

Құрылыс

050730

Құрылыс материалдарын, заттарын және конструкцияла-
рын өндіру

050731

Қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру қауіпсіздігі

050732

Стандарттау, сертификаттау және метрология
(жалпы орта білім беру базасында)

6. Ауыл шаруашылығы ғылымдары

050801

Агрономия

050802

Зоотехния

050804

Балық шаруашылығы

050806

Агроинженерия

050807

Орман шаруашылық ісі

050808

Топырақтану және агрохимия

7. Қызмет көрсету

050903

Жерге орналастыру

050907

Кадастр

8. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

051101

Мейіркештік іс

051102

Қоғамдық денсаулық сақтау

051103

Фармация

051301

Жалпы медицина

051302

Стоматология

9. Ветеринария

051201

Ветеринарлық медицина

051202

Ветеринарлық санитария

Қазақстан  Республикасы     
Білім және ғылым министрінің   
2007 жылғы 3 желтоқсандағы    
N 602 бұйрығымен  бекітілген    

Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).

      2. Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.

      3. Экстернат нысанында оқуға мүмкіндігі шектеулі білім алушылар, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ мерзім бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын мүгедектер қабылданады.
      Сонымен қатар білім беру ұйымының мынадай білім алушылары алдыңғы оқу кезеңіндегі үлгерімі "жақсы" немесе "өте жақсы" деген бағадан төмен болмаған жағдайда экстернат нысанында оқуға ауысуы мүмкін:
      1) шетелде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегерлерінен басқалар;
      2) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін;
      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары.

      4. Экстернат нысанында жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша.

      5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар және мүгедектер экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссияның тұжырымын береді.

      6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін және жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді.

      7. Ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығының көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді.

      8. Білiм алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он төрт күндік мерзімде бiлiм беру ұйымының ғылыми кеңесiнiң отырысында қаралады.

      9. Ғылыми кеңесінің қарау қорытындылары бойынша экстернатқа ауыстыруға және бас тартуға тиісті шешім қабылданады.
      10. Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары білім беру ұйымының мөрімен расталған кеңесінің шешімі білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
      11. Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
      12. Экстернат нысанында оқуға білім алушыға келісім бермеудің негізі осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптардың орындалмауы болып табылады.
      13. Білім беру саласындағы уәкілетті органнан білім алушыны экстернат нысанында оқуға ауыстыруға рұқсат алынғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы тиісті бұйрық шығарады.