Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 586 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5029 болып енгізілді.

Қолданыстағы

     "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.

     2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

     3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Қуанғановқа жүктелсін.

     Министр

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің   
2007 жылғы 29 қарашадағы     
N 586 бұйрығымен бекітілген   

Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

     2. Білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтары: шетелдік азаматтар және Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.
     Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.

     3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
     1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтарды;
     2) жеңілдектер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарды;
     3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарды;
     4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды;
     5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін квота қарастырылады.

     4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар мамандықтарына мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға қабылданады.
     Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін оқу орындары белгілейді.

     5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсат бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Қабылдауды ұйымдастыру

     6. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.

     7. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыруы құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.

     8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте туралы ақпарат, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.

     9. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
     Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан бастап 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

     10. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке қосымша оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін сараптама медициналық-әлеуметтік тұжырымды), 3x4 көлемдегі 4 суретті, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификатты (бұдан әрі - ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттары (төлқұжаты немесе тууы туралы куәлігі) жеке ұсынылады.
     Оқытудың нысандары бойынша және шарттық негізде (ақылы) оқуға түсушілерден түскен өтініштер жеке тіркеледі және ескеріледі.

     11. Түсу емтихандары:
     - жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтар үшін (шетелде өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын халықаралық оқушыларды алмасу желісі бойынша оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарына, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарына мәндес емес мамандықтар бойынша түскен техникалық және кәсіптік ұйымдарды) ағымдағы жылғы бітірушілер, сондай-ақ өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім беру бағдарламаларының көлемінде үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) жүргізіледі.
     Мамандық бейіні бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

     12. 11-тармақта көрсетілген жалпы орта білімі бар азаматтар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар үшін мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға түсу кезінде: тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруын таңдауға құқылы.

     13. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
     1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін тез арада ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
     2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 10 балл, "4" - 20 балл, "5" - 30 балдарға ауыстырады.

     14. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
     Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады.
     Апелляция түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.

     15. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

     16. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруі және орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге неғұрлым қабілетті және даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.
     Білім беру ұйымдарына қабылдау оқытудың күндізгі нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқытудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында конкурстық негізде өткізіледі.

     17. Конкурс:
     ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде:
     Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
     пәндер немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерінен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
     Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы ескеріледі.
     Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсын қатысуға:
     жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, медицина мамандықтары бойынша 40 балдан кем, оның ішінде бейінді пән бойынша 20 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

     18. Орта білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдануға конкурс өткізу кезінде:
     1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
     2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық  және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурсының немесе спорттық жарыстардың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
     Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалардың, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтардың (растайтын құжаттар болған жағдайда) айрықша құқығы бар.
     19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
     20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Білім   
және ғылым министрінің Орта    
білімнен кейінгі білімнің     
кәсіптік оқу бағдарламаларын   
іске асыратын білім беру     
ұйымдарына оқуға қабылдаудың   
үлгі ережесіне 1-қосымша    

   Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын
 айқындайтын Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу
     бағдарламалары бойынша мамандықтардың тізбесі

РК Кәсіптік білім беру мамандықтары-
ның коды

Білімнің бейіні Мамандықтар-
дың атауы

Біліктілігі

Орта білім-
нен кейінгі
білім беру
ұйымдарының
білім беру
оқу бағдар-
ламаларын
меңгерудің
нормативтік
мерзімі
(жыл,ай)

Жалпы орта
білім беру
базасында

1

2

3

4

0200000 Құқық мамандықтары

0201002

Құқықтану

 

 

0201012

 

Халықты әлеуметтік
қорғау жөніндегі
маман

1 жыл 10 ай

0201022 (0205012)

 

Заңгер

1 жыл 10 ай

0202002

Құқық қорғау қызметі

 

 

0202012

 

Заңгер

1 жыл 10 ай

0300000 Білім беру мамандықтары

0315002

Бейнелеу өнері және
сызу

 

 

0315012

 

Негізгі орта білім
берудің бейнелеу
өнері және сызу
мұғалімі

1 жыл 10 ай

0318002

Технология

 

 

0318012

 

Негізгі орта білім
берудің технология
мұғалімі (еңбекті
өлшеу жөніндегі
нұсқаушы)

1 жыл 10 ай

0322002

Саздық білім беру

 

 

0322012

 

Негізгі орта білім
берудің саз
мұғалімі

1 жыл 10 ай

0310002

Дене тәрбиесі
және спорт

 

 

0310012

 

Негізгі орта білім
дене тәрбиесі
мұғалімі

1 жыл 10 ай

0310022

 

Спорт жөніндегі тренер-оқытушы

1 жыл 10 ай

0313002

Кәсіптік оқыту (сала
бойынша)

 

 

0313022

 

Ауыл шаруашылығы
өндірісінің
өндірістік оқыту
шебері

1 жыл 10 ай

0313032

 

Автомобиль көлік-
терін жөндеу және
қызмет көрсету жө-
ніндегі өндірістік
оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313052

 

Тігін өндірісінің өндіру өндірістік оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313062

 

Тамақ өнімдері жөніндегі өндіріс-
тік оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313072

 

Кең бейінді өндірістік оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313082

 

Ауыл шаруашылығы өндірісін механи-
зациялау жөніндегі
өндірістік оқыту
шебері

1 жыл 10 ай

0313102

 

Есептеу техникала-
рының бағдарлама-
лық жасақтама
жөніндегі өндіріс-
тік оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313112

 

Дәнекерлеу өндірі-
сі жөніндегі өнді-
рістік оқыту шебері

1 жыл 10 ай

0313122

 

Қайта өңдеуші зат-
тардың технология-
сы жөніндегі өнді-
рістік оқыту
шебері

1 жыл 10 ай

0314002

Бастауыш білім беру

 

 

0314012

 

Бастауыш білім берудің мұғалімі

1 жыл 10 ай

0314022

 

Бастауыш білім берудің информати-
ка мұғалімі

1 жыл 10 ай

0314032

 

Бастауыш білім берудің шетел тілінің мұғалімі

1 жыл 10 ай

0324002

Білім беру ұйымының лаборанты

 

 

0324012

 

Лаборант (пәндер бойынша)

1 жыл 10 ай

3700000-Ақпараттық технологиялар

3707002

Ақпараттық жүйелер
(қолдану
аймақтары
бойынша)

 

 

3707012

 

Ақпараттық жүйелер
маманы (салалар
бойынша)

1 жыл 10 ай

0400000-Медициналық мамандар

0401002

Емдеу ісі

 

 

0401012

 

Фельдшер

2 жыл 10 ай

0401022

 

Акушер

2 жыл 10 ай

0402002

Медбике ісі

 

 

0402012

 

Жалпы практиканың медбикесі

2 жыл 10 ай

0402022

 

Мамандандырылған медбике

2 жыл 10 ай

0403002

Гигиена және эпидемиология

 

 

0403012

 

Гигиенашы-эпидеми-
олог

2 жыл 10 ай

0404002

Стоматология

 

 

0404012

 

Тіс дәрігерінің көмекшісі

2 жыл 10 ай

0405002

Лаборатория-
лық диагнос-
тика

 

 

0405012

 

Медициналық лаборант

2 жыл 10 ай

0406002

Фармация

 

 

0406012

 

Фармацевт

2 жыл 10 ай

0500000-Мал дәрігері

0501002

Мал дәрігері

 

 

0501012

 

Фельдшер-мал дәрігері

1 жыл 10 ай

0501022

 

Малдәрігерлік санитар

1 жыл 10 ай

0502002

Лаборатория-
лық іс

 

 

0502012

 

Малдәрігерлік фельдшер-лаборант

1 жыл 10 ай

0503002

Мал дәрігер-
лік іс

 

 

0503012

 

Малдәрігерлік фельдшер-инспектор

1 жыл 10 ай

0700000-Экономикалық мамандықтар

0701002

Статистика

 

 

0701012

 

Статист

1 жыл 10 ай

0703002

Қаржылар (салалар бойынша)

 

 

0703012

 

Қаржыгер

1 жыл 10 ай

0703022
(0716002)

 

Банк ісі маманы

1 жыл 10 ай

0703032
(0720002)

 

Қаржы құқығы маманы

1 жыл 10 ай

703042
(0708002)

 

Биржа ісі маманы

1 жыл 10 ай

0703052
(0718002)

 

Сақтандыру ісі маманы

1 жыл 10 ай

0705002

Есеп және аудит (салалар бойынша)

 

 

0705012

 

Бухгалтер-аудитор

1 жыл 10 ай

0705022

 

Экономист-бухгал-
тер

1 жыл 10 ай

0711002

Экономика
(салалар бойынша)

 

 

0711012

 

Экономист

1 жыл 10 ай

0712002

Менеджмент
(салалар бойынша)

 

 

0712012

 

Менеджер

1 жыл 10 ай

0800000-Қызмет көрсету мамандықтары

830102

Қызмет көрсету ұйымы

 

 

0830112

 

Қызмет көрсету саласының менеджері

1 жыл 10 ай

0830122
(0833002)

 

Қоғамдық тамақтан-
дыру мекемелерінің
менеджері

1 жыл 10 ай

0830132
(0829012)

 

Қонақ үй бизнесі-
нің менеджері

1 жыл 10 ай

0830142
(0829022)

 

Туризм жөніндегі
менеджер

1 жыл 10 ай

0831002

Маркетинг
(салалар бойынша)

 

 

0831012

 

Маркетолог

1 жыл 10 ай

0831022 (0706012)

 

Тауартанушы-
сарапшы

1 жыл 10 ай

0832002

 

Аударма ісі

 

0832012

 

Референт

1 жыл 10 ай

0204002

Әлеуметтік
жұмыс

 

 

0204012

Әлеуметтік
жұмыстар
жөніндегі маман

 

1 жыл 10 ай

0713002

Бағалау
(қолдану
аймақтары
мен салалар
бойынша)

 

 

0713012

 

Бағалаушы-
сарапшы

1 жыл 10 ай

Қазақстан Республикасы Білім   
және ғылым министрінің Орта    
білімнен кейінгі білімнің     
кәсіптік оқу бағдарламаларын   
іске асыратын білім беру     
ұйымдарына оқуға қабылдаудың   
үлгі ережесіне 2-қосымша    

  Орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге
    асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу
   емтихандары үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу
 бағдарламалары бойынша мамандары даярлау жүзеге асырылатын
  мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің
                           тізбесі.

Коды

Мамандық-
тардың
атауы

Біліктілігі

Жалпы орта білім беру базасындағы бейін пәнінің атауы

1

2

3

4

0200000 Құқық мамандықтары

0201002

Құқықтану

 

Дүниежүзілік тарих

0202002

Құқық қорғау
қызметі

 

Дүниежүзілік тарих

0300000 Білім беру мамандықтары

0315002

Бейнелеу
өнері және
сызу

 

Шығармашылық емтихан

0318002

Технология

 

Шығармашылық емтихан

0322002

Саздық білім
беру

 

Шығармашылық емтихан

0310002

Дене
тәрбиесі және спорт

 

Президенттік тест
Арнайы емтихан

0313002

Кәсіптік
оқыту (сала
бойынша)

 

Математика

0314002

Бастауыш білім беру

 

Математика

0324002

Білім беру
ұйымының
лаборанты

 

Математика

3700000 - Ақпараттық технологиялар

3707002

Ақпараттық
жүйелер
(қолдану
аймақтары
бойынша)

 

Физика

0400000 - Медициналық мамандықтар

0401002

Емдеу ісі

 

Биология

0402002

Медбике ісі

 

Биология

0403002

Гигиена және
эпидемиоло-
гия

 

Биология

0405002

Лаборатори-
ялық
диагностика

 

Биология

0406002

Фармация

 

Химия

0500000 - Мал дәрігері

0501002

Мал дәрігері

 

Биология

0502002

Лаборатория-
лық іс

 

Биология

0503002

Мал дәрігер-
лік іс

 

Биология

0700000 - Экономикалық мамандықтар

0701002

Статистика

 

Математика

0703002

Қаржылар
(салалар
бойынша)

 

Математика

0705002

Есеп және
аудит (салалар
бойынша)

 

Математика

0711002

Экономика
(салалар
бойынша)

 

Математика

0712002

Менеджмент
(салалар
бойынша)

 

Математика

0800000 Қызмет көрсету мамандықтары

0830102

Қызмет
көрсету
ұйымы

 

Математика

0831002

Маркетинг
(салалар
бойынша)

 

Математика

0832002

Аударма ісі

 

Шетел тілі

0204002

Әлеуметтік жұмыс

 

Қазақстан тарихы

0713002

Бағалау (қолдану аймақтары мен салалар бойынша)

 

Математика