"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабы
2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1864 тіркелген (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 29, 629-құжат) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заем және мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы
N 68
бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірінші абзацтағы "1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 3) тармақшасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереженің 10-тармағының 2) тармақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "Ирак Қасымұлы Елекеевке" деген сөздер "Дулат Рашитұлы Құсдәулетовке" деген сөздермен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары және мемлекеттік кепілдіктері жөнінде заңдық баға (legal оріnіоn) беру ережесінде:
1-тармақта:
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1999 жылғы 11 наурыздағы N 223" деген сөздері "2004 жылғы 28 қазандағы N 1120" деген сөздермен ауыстырылсын;
""Қазақстан Республикасының үкіметтік қарыз алуын және жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874" деген сөздер ""Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225" деген сөздермен ауыстырылсын;