"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") түріндегі омырауға тағатын құрмет белгісімен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің марапаттау нысанын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 262 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5009 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 137 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.04.24 № 137 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысының 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз P040001237
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісі түріндегі марапаттау нысаны белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгілері туралы нұсқаулық;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгілерінің сипаттамасы мен бейнеленуі;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") марапаттау парағының нысаны;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісіне куәліктердің үлгілері бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарауындағы ұйымдардың назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық    
ресурстар министрінің      
міндетін атқарушының       
2007 жылғы 13 қарашадағы     
N 262 бұйрығымен бекітілген    

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгілерімен марапаттау туралы нұсқаулық

      1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") және "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгілері (бұдан әрі - Омырауға тағатын құрмет белгілері) Қазақстан Республикасының энергетика саласына сіңірген еңбегін тану мақсатында тағайындалған.

      2. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісімен электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген және:
      халықты, мемлекеттік және өнеркәсіп объектілерін электр және жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету;
      өндірісті ұйымдастыру мен еңбек жағдайы;
      техникалар мен технологияларды енгізу;
      ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, сондай-ақ ерекше сіңірген еңбегі мен электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесі бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген ең жақсы мамандар, қызметшілер, ұйымдардың басшылары атап өтіледі.
      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") атағы басқа салалардың қызметкерлеріне берілмейді.

      3. "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісімен электр энергетикасы саласында кемінде 5 жыл мүлтіксіз жұмыс істеген және:
      халықты, мемлекеттік және өнеркәсіптік объектілерді электр және жылу энергиясымен сенімді қамтамасыз ету;
      өндірістік және еңбек жағдайларын ұйымдастыру;
      техника мен технологияларды енгізу;
      ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
      өндірістік қуаттар мен әлеуметтік-тұрмыс объектілерін мерзімінен бұрын іске қосу бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытудағы айрықша еңбегі және жеке үлес қосқаны үшін үздік мамандар, қызметшілер, ұйымдардың басшылары марапатталады.
      Айрықша жағдайларда "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") атағы аса маңызды тапсырмаларды орындаған және саладағы жұмыс өтілі аз тұлғаға да берілуі мүмкін.

      4. Қызметкерді омырауға тағатын құрмет белгісімен марапаттау (көтермелеуге ұсыну) туралы өтінішті заңды тұлғаның бірінші басшысы береді. Егер марапаттауға заңды тұлғаның бірінші басшысы ұсынылған жағдайда, өтінішті директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) төрағасы, ал өзге жағдайда - жалпы жиналыстың немесе жалғыз акционердің (қатысушының) өкілетті өкілі беруі тиіс. Марапаттау туралы өтініш кандидатты, соның ішінде сіңірген еңбегін сипаттайтын барлық құжаттармен бірге Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің қарауына, содан кейін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне бекітуге беріледі.

      5. Омырауға тағатын құрмет белгілерімен марапаттауды Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі жүргізеді.

      6. Омырауға тағатын құрмет белгілерін тапсыруды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша марапатталатын адам жұмыс істейтін еңбек ұжымындағы заңды тұлғалардың басшылары салтанатты жағдайда жүргізеді. Тапсыру Энергетика күні мен марапатталатындардың мерейтой күнін тойлауға қарсы орайластырылады.

      7. Марапатталушыға омырауға тағатын құрмет белгілерін тапсырумен бір мезгілде белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оның еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына марапатталған күні мен бұйрықтың нөмірі көрсетіліп жазылады.

      8. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісін тапсыру бойынша квота бір кәсіпорынға оның нақты саны: 1000 адамға дейінгі кәсіпорынға - жылына 1 белгі, 1000 адамнан көп кәсіпорынға - әр 1000 қызметкерге жылына 1 белгі белгіленеді.

      9. "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісін тапсыру бойынша квота бір кәсіпорынға оның нақты санымен анықталады: 1000 адамға дейін - 1 белгі, 1000 адамнан артық болса - жылына әрбір 500 қызметкерге 1 белгі.

      10. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісі кеуденің сол жағына мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.

      11. "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") омырауға тағатын құрмет белгісі кеуденің оң жағына мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.

      12. Омырауға тағатын құрмет белгілері жоғалған жағдайда оның орнына көшірме нұсқалары берілмейді.

      13. Омырауға тағатын құрмет белгілерінің куәлігі жоғалған жағдайда, марапатталған адам жұмыс істейтін (істеген) ұйымның басшыларының өтініші бойынша куәліктің көшірме нұсқасы беріледі.

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрінің     
міндетін атқарушының      
2007 жылғы 13 қарашадағы     
N 262 бұйрығымен бекітілген   

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісінің сипаттамасы мен бейнеленуі

      "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісі қалып пен салпыншақтан тұратын жетонды білдіреді.
      Тікбұрыш түріндегі қалып сары түсті металдан (жез) жасалған.
      Қалып көгілдір түсті жібек таспамен көмкерілген.
      Қалыптың сырт жағына бекіткіш түйреуіш жапсырылған.
      Салпыншақ сары түсті сегіз қырлы металдан (жез) жасалған.
      Сипатталған сегіз бұрыштың диаметрі 40 мм.
      Белгінің бет жағында (аверс) сегіз бұрыштың ортасында көк эмальмен жабылған шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында құрамына Қазақстан Республикасының энергетикалық кәсіпорындары кіретін Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының эмблемасы бейнеленген.
      Шеңбердің бойымен жалтыраған әріптермен шығыңқы етіп "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" деген жазу жазылған.
      Салпыншақ құлақша мен сақина арқылы қалыппен жалғасады.

(суретін қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің    
міндетін атқарушының     
2007 жылғы 13 қарашадағы   
N 262 бұйрығымен бекітілген  

"Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісінің сипаттамасы мен бейнеленуі

      "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" ("Почетный энергетик Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісі ақ түсті (мельхиор) металдан жасалған диаметрі 25 мм шеңберді білдіреді.
      Шеңбер белгінің бет жағына (аверс) орналастырылған, оның ортасында құрамына Қазақстан Республикасының энергетикалық кәсіпорындары кіретін Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының эмблемасы бейнеленген, көк эмальмен қапталған.
      Көк эмальда шеңбердің бойымен жалтыраған әріптермен шығыңқы етіп "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" деген жазу жазылған, одан әрі шеңбердің шетін ала бедерлі лавр жапырақтары бейнеленген.
      Белгінің сырт жағына (реверс) бекіткіш түйреуіш жапсырылған.

(суретін қағаз мәтінінен қараңыз)

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Энергетика және минералдық
                                         ресурстар министрінің
                                          міндетін атқарушының
                                        2007 жылғы»13 қарашадағы
                                       N 262 бұйрығымен бекітілген

     "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі"
    ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан") кеудеге
           тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
                      куәліктің үлгісі

Куәлік N ___                Удостоверение N____
_______________________
    тегі, аты-жөні             Выдан______________________
___________________ берілді    ____________________(Ф.И.О.)
 
  Омырауға тағатын ескерткіш     Памятный нагрудный знак
белгі
"Қазақстан Республикасының  "Заслуженный энергетик
еңбек сіңірген энергетигі"  Республики Казахстан"

Қазақстан Республикасы         Приказ Министра энергетики и
Энергетика және минералдық     минеральных ресурсов
ресурстар министрінің          Республики Казахстан
 

  200___жылғы "___"___________   от "____"___________200____г.
№N__________ бұйрығы           N_________

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Энергетика және минералдық
                                         ресурстар министрінің
                                          міндетін атқарушының
                                        2007 жылғы»13 қарашадағы
                                       N 262 бұйрығымен бекітілген

     "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі"
    ("Почетный энергетик Республики Казахстан") кеудеге
           тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
                      куәліктің үлгісі

Куәлік N ___                Удостоверение N____
_______________________
    тегі, аты-жөні             Выдан______________________
___________________ берілді    ____________________(Ф.И.О.)
 
  Омырауға тағатын ескерткіш     Памятный нагрудный знак
белгі
"Қазақстан Республикасының  "Почетный энергетик
құрметті энергетигі"        Республики Казахстан"

Қазақстан Республикасы         Приказ Министра энергетики и
Энергетика және минералдық     минеральных ресурсов
ресурстар министрінің          Республики Казахстан
 

  200___жылғы "___"___________   от "____"___________200____г.
№N__________ бұйрығы           N_________

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Энергетика және минералдық
                                         ресурстар министрінің
                                          міндетін атқарушының
                                        2007 жылғы 13 қарашадағы
                                       N 262 бұйрығымен бекітілген

                      Марапаттау парағының нысаны

____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
                     ресурстар министрлігі
____________________________________________________________________                   (марапатталушының тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
        (кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
                       нұсқаулыққа сәйкес)
_______________________________________________________________ үшін

      "Қазақстан   Республикасының еңбек сіңірген энергетигі"
          ("Заслуженный энергетик Республики Казахстан")

      кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттайды

                       Тіркеу N _______

      Министр
      _______________________

      Астана қаласы 200__жылғы "___" _____________
      ______________________________________________________________

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Энергетика және минералдық
                                         ресурстар министрінің
                                          міндетін атқарушының
                                        2007 жылғы 13 қарашадағы
                                       N 262 бұйрығымен бекітілген

                      Марапаттау парағының нысаны

____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
                     ресурстар министрлігі
____________________________________________________________________                   (марапатталушының тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
        (кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
                       нұсқаулыққа сәйкес)
_______________________________________________________________ үшін

          "Қазақстан   Республикасының құрметті энергетигі" 
            ("Почетный энергетик Республики Казахстан")

           кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттайды

                       Тіркеу N_______

      Министр
      _______________________

      Астана қаласы 200__жылғы "___" _____________
      ______________________________________________________________