Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 Бұйрығымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы
N 333
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4832 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Берілген бұйрықпен бекітілген 7-қосымшада:
3-тармақта "пәндік емтихан тапсырады." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен: ", "Клиникалық ординатура" бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлерден басқа.";
Берілген бұйрықпен бекітілген 8-қосымшада:
6-бағанда, реттік номері 11, жолдарда "N+1" қорытындыны комиссия береді" деген сөздер мен сандар "TCF 699-дан 200" деген сөздер мен сандарға алмастырылсын.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.