"Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 17 қазандағы N 486 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4989 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес және жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 2139 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 15, 840-бап, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 2617 тіркелген "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы  N 796 ; Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тіркелімінде N 3552 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 14, 73-бап, "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 2 наурыздағы  N 126 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ережеде:

      2-тармақта:
      екінші абзацтағы "Өтініш хатқа диссертациялық кеңес мүшелері және ғылым салалары көрсетіліп, диссертациялар қорғауға рұқсат етілген мамандықтар тізбесі туралы мәліметтер қоса беріледі" деген сөздер тиісінше "Ұйымның диссертациялық кеңес ашу үшін ұсынатын құжаттарының тізбесін Комитет белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "Диссертациялық кеңестер өздерінің қызметін бақылайтын және үйлестіретін Комитеттің басшылығымен жұмыс жүргізеді" деген сөздер тиісінше "Комитет диссертациялық кеңестердің қызметін бақылайды және үйлестіреді," деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацтағы "факультеттердің, ЖОО-ның, ҒЗИ-ның," деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы ", ғалым хатшы ерекше жағдайларда ғылым кандидаты болуы мүмкін, онда ол ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертацияларды қорғау кезіндегі дауыс берулерге қатыспайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тиісті мамандықтар мен ғылым салалары бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер республикада осы мамандықтар мен ғылым салалары бойынша диссертацияларды қарайтын докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер болмаған жағдайда құрыла алады.";

      6-тармақта:
      2) тармақшадағы "бес" және "үш" деген сөздер тиісінше "алты" және "төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "он екі" деген сөз тиісінше "он үш" деген сөзбен ауыстырылсын және "және жиырма алтыдан көп емес" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Комитетпен келісе отырып," деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацтағы "бір реттік докторлық" деген сөздерден кейін "немесе кандидаттық" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацтағы "және ғылыми қауым." деген сөздерден кейін "Диссертациялық кеңестің қызметі диссертациялық кеңес құрылған ұйымның Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялануы тиіс. Сайтта: Комитеттің диссертациялық кеңестің қызметіне қатысты бұйрықтары; кеңес мүшелері туралы мәліметтер; есептер; диссертацияларды қорғауға рұқсат етілген мамандықтар төлқұжаттары; диссертациялардың авторефераттары жіберілетін ұйымдар тізбесі; арнаулы пәндер мен жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың бағдарламалары; арнаулы пәндер мен жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың өткізілу кестесі; өткізілетін қорғаулар туралы хабарландырулар мен кестелер; диссертациялардың авторефераттары жариялануы тиіс." деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта:
      екінші абзацтағы ", сондай-ақ бір қосымша қорытындыны дайындау (ұжымдық рецензияны)" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Комитет кеңесте қорғалған жұмыстар бойынша Комитет Төралқасының екі теріс шешімі болған жағдайда диссертациялық кеңестің қызметін алдын-ала тоқтату туралы шешім қабылдайды.";

      18-тармақта:
      бірінші абзацтағы "кеңеспен бекітілген" деген сөздерден кейін "Диссертацияның авторефераты мен хабарландыру мәтіні бір уақытта диссертациялық кеңес құрылған ұйымның Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялануы тиіс.";
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Докторлық диссертацияны қорғауға қабылдау кезінде кеңес қорғауға дейін 2 ай мерзімнен кешіктірмей Комитетке Бюллетенде және Комитеттің Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялау үшін ізденушінің тегі, аты-жөні, диссертацияның тақырыбы, ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы, мамандық шифры, қорғау мерзімі мен уақыты, диссертация қорғау өтетін кеңестің атауы мен мекен-жайы, жетекші ұйымның атауы, ғылыми жетекшінің (кеңесшінің), ресми оппоненттердің тектері, ізденушінің, ғылыми жетекшінің (кеңесшінің), оппоненттердің жұмыс орындары, оппоненттердің докторлық авторефераттарының титулды парақтарының көшірмелері көрсетілген хабарландыруды ұсынады. Хабарландырудың мәтіні ізденушінің ісіне салынады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      "20-1. Ұйымнан оң пікірлер алған жұмыстар бойынша Комитет Төралқасының екі теріс шешімі болған жағдайда Комитет осы ұйымды жетекші ұйымдар тізбесінен шығару туралы шешім қабылдайды.";

      22-тармақтағы "диссертацияны қорғаудың кейінгі мерзімін" деген сөздерден кейін "бірақ он күннен бұрын емес" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақтағы "ресми оппоненттер өз пікірлерін" деген сөздер "ресми оппоненттер сөз сөйлейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақтағы "Диссертацияның екінші данасы түптелмеген күйде автореферат пен диссертацияның есеп карточкасының екі данасымен бірге қорғаудан кейін бір апта ішінде микрофильмдеу және мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат институтына (ҚазмемҒТАИ) жіберіледі." деген сөздер "Қорғау өткен күннен кейінгі апта ішінде диссертацияның екінші данасы түптелмеген күйде автореферат пен диссертацияның есеп карточкасының екі данасымен бірге қағаз және электронды тасығыштарда мемлекеттік және орыс тілінде "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-на мемлекеттік тіркеуге жіберіледі." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
      осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Н.Б. Қалабаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр