Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 373 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4980 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  53-бабын  іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің төрағасының 2006 жылғы 20 мамырдағы  N 17  "Оңалту рәсімі процедурасын өткізудің нәтижелері бойынша Оңалтуды басқарушының келісу есептің қорытынды ережесін бекіту туралы" N 4186 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудегі тізімдемеде тіркелген 2006 жыл 12 мамырда "Заң газетінде" N 84-85 (891) жарияланған бұйрық өз күшін жоғалтты.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                               Қаржы министрінің
                                             2007 жылғы 2 қарашада
                                                N 373 бұйрығымен
                                                   бекітілген

Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесі

      1. Осы Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) оңалтуды басқарушының есебін (бұдан әрі - есеп) келісу тәртібін айқындайды.

      2. Есепті осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша оңалтуды басқарушы жасайды.

      3. Есепке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану сәтіндегі және оңалту рәсімін аяқтау сәтіндегі бухгалтерлік теңгерімнің көшірмелері;
      2) оңалту рәсімі аяқталған сәтіндегі табыстар мен шығыстар туралы есептің көшірмесі;
      3) оңалту рәсімін аяқтау сәтіндегі салық қызметінің тиісті органдарымен салыстыру актісінің көшірмесі;
      4) уәкілетті органның мыналарды: кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту және оның құрамын өзгерту;
      кредит берушілер талаптарының тізілімін бекіту және оған өзгерістер енгізу туралы бұйрықтарының көшірмелері;
      5) кредит берушілер комитеті отырыстары хаттамаларының көшірмелері;
      6) оңалту рәсімі қолданылған сәттегі және оңалту рәсімі аяқталған сәттегі дебиторлық берешектің толық жазылуы;
      7) кредит берушілер талаптарының тізіліміне сәйкес берешектің сомасын мен өтелетін күнін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса берілген кредиторлық берешектің толық жазылуы;
      8) оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде пайда болған және оңалту рәсімі аяқталған сәтте өтелмеген кредиторлық берешектің толық жазылуы;
      9) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оңалту кезеңіндегі негізгі қаражаттың негізгі құралдар топтары бойынша қозғалысы туралы есеп;
      10) санация шаралары қолданылған жағдайда:
      санация шартының көшірмесі;
      санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредит берушілерге оңалту жоспарына сәйкес ақша қаражатын аудару туралы жазбаша міндеттемесінің көшірмесі;
      санация қаражатының түскендігі туралы және осы қаражаттарды оңалту жоспарына сәйкес берешекті өтеуге, өндірісті дамытуға, айналым қаражатын толықтыруға жұмсағаны туралы төлем тапсырмаларының көшірмелері.

      4. Есепке оңалтуды басқарушы, бас бухгалтер қол қояды, ол борышкердің мөрімен расталады және оңалту рәсімін аяқтау сәтіне дейін жиырма күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органның қарауына ұсынылады.

      5. Уәкілетті орган он бес жұмыс күн ішінде есепті қарайды және ескертулер болмаған жағдайда оңалту рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.
      Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды тиісті түрде пысықтау үшін кері қайтарады. Оңалтуды басқарушы екі жұмыс күні ішінде белгіленген кемшіліктерді жояды және материалдарды келісуге қайта ұсынады.

      6. Уәкілетті органмен келісілген есепті оңалтуды басқарушы уәкілетті органның қорытындысымен қоса бекіту үшін сотқа жібереді.

                                            Оңалтуды басқарушының
                                           есебін келісу ережесіне
                                                   қосымша

                                       Оңалтуды басқарушы есебінің
                                                  нысаны

              Оңалтуды басқарушының есебі

    ____________                            _______________
       (күні)                               (жасалған орны)
____________________________________________________________________
        (Оңалтуды басқарушының аты-жөні, тағайындау туралы
                      бұйрықтың күні мен N)
____________________________________________________________________
      (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсете отырып борышкер
        ұйымның толық және қысқаша атауы, ЖСН және (немесе) БСН)
--------------------------------------------------------------------
                (борышкердің заңды мекен-жайы)

            Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралары

      1. Оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы (ұйғарымның күні және соттың атауы) (көшірмесі қоса беріледі):
  ______________ 200_ жылғы "___"__________ бастап заңды күшіне енді
  (соттың атауы)
      2. Банкроттық туралы іс бойынша өндірісті қозғау туралы ұйғарымы (көшірмесі қоса беріледі):
 _______________ 200_ жылғы "___"________ бастап заңды күшіне енді.
  (соттың атауы)
      3. Оңалту рәсімін ұзарту туралы ұйғарымы (ұйғарым күні және соттың атауы) (көшірмесі қоса беріледі):
 _______________ 200_ жылғы "___"_________ бастап заңды күшіне енді.
 (соттың атауы)
      4. Оңалтуды басқарушының бұқаралық ақпарат құралдарына берген оңалту рәсімін қолдану туралы хабарландыруы (шыққан нөмірі және газет атауы): көшірмесі қоса беріледі
 ___________________200_ жылғы "___"_____________ N _________
  (газеттің атауы)
      5. Мүлікті қабылдап алу-беру актісі:
      200__ жылғы "___"________________
      6. Оңалтуды басқарушының кредит берушілер комитетімен жасаған келісімі:
      200__ жылғы "___"________________

  2. Борышкердің активтері туралы мәліметтер

      7. Оңалту рәсімінің басындағы теңгерім бойынша активтердің құны (қалдық құн) ________________
                    (мың теңге)
      оның ішінде:
      8. Негізгі құралдар _________________________
                                 (мың теңге)
      9. Аяқталмаған құрылыс ______________________
                                 (мың теңге)
      10. Көмекші материалдар _____________________
                                 (мың теңге)
      11. Бағасы арзан құрал-сайман _______________
                                     (мың теңге)
      12. Өндіріс қорлары  ________________________
                                  (мың теңге)
      13. Дайын өнім қалдықтары ___________________
                                  (мың теңге)
      14.___________________________________________________________
          (мүлікті түгендеу бойынша актінің және тізімдеменің күні
                                       және нөмірі)
____________________________ борышкердің мүлкін түгендеу жүргізілді.
      15. Борышкердің мүлкін бағалау жүргізілді (егер де ол
жүргізілсе):________________________________________________________
                (қорытынды күні мен нөмірі және кім жүргізді)
      16. Сатылған негізгі құралдар
                                              (мың теңге)

 

Объектінің атауы

Баланс бойынша
құны

Бағалау құны

Сату құны

Нақты сату
бағасы

1

2

  

3

4

5

      17. Сатып алынған негізгі құралдар:

 

Объектінің атауы

Сатып алу құны
(мың теңге)

Ескерту
(сатып алу мақсаты)

1

2

3

4

      18. Оңалту рәсімін аяқтау сәтіндегі активтердің баланс құны
_________________
 (мың теңге)

      Оның ішінде:
      19. Негізгі қаражат_________________________
                                 (мың теңге)
      20. Аяқталмаған құрылыс_____________________
                                 (мың теңге)
      21. Көмекші материалдар_____________________
                                 (мың теңге)
      22. Бағасы арзан құрал-сайман ______________
                                      (мың теңге)
      23. Өндіріс қорлары ________________________
                                      (мың теңге)
      24. Дайын өнім қалдықтары __________________
                                      (мың теңге)

           3. Кредит берушілер талаптарының тізілімін
                  қалыптастыру және бекіту

      25. Оңалту рәсімінің басындағы борышкердің жалпы кредиторлық берешегі_________________
           (мың теңге)
      26. Жалақы _________________
                   (мың теңге)
      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
_________________
    (мың теңге)
      28. Мердігерлер мен жеткізушілер алдындағы берешек____________ 
       (мың теңге)
      29. Кредит берушілер талаптарының тізілімі:
      200 __ жылғы_________"___" N___ ДБКБ бұйрығы
      1-кезек _____________
               (мың теңге)
      2-кезек _____________
               (мың теңге)
      3-кезек _____________
               (мың теңге)
      4-кезек _____________
               (мың теңге)
      5-кезек _____________
               (мың теңге)
      30. Кредит берушілер талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы мәліметтер:
      31. Кредит берушілер комитеті келісімінің хаттамасы көшірмесі қоса береді:
      кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы  ДБКБ бұйрығы берушілер копиясын қоса береді:
      200 жылғы ______________«"___" N_________
      32. Кредит берушілер талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы ДБКБ бұйрығы: (берушілер көшірмесін қоса береді)
200_жылғы __________________«"___" N_________

        4. Оңалту жоспарын мерзімі ұзартылған кредиторлық
        берешекті өтеу жағынан орындау (оның ішінде өтеу
     нысандары мен әдістері бойынша: ақшалай немесе заттай
         мәнде, өзара есеп айырысу, қайта табыстау;)

Кредит берушілер талаптарының
тізілімі

Сомасы
(мың теңге)

Кредит берушілер-
дің қанағаттанды-
рылған талаптары-
ның пайызы

Берешекті өтеу мерзімі (күні)

тізі-
лімге
сәйкес
кредит
беру-
шілер-
дің
талап-тары

кредит
беруші-
лердің
қанағат-
тандырыл-ған та-
лаптары

жоспар
бойынша

нақты

1 - кезек, барлығы,
соның ішінде:

  

  

  

  

  

2 - кезек, барлығы,
соның ішінде:

  

  

  

  

  

3 - кезек, барлығы,
соның ішінде:

  

  

  

  

  

4 - кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

  

  

5 - кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

  

  

      5. Әкімшілік шығыстардың жалпы сомасы

р/с
N

Шығыстар

смета бойынша

есептелді

Төленді

1.

Шикізат, материалдар,
сатымдық бұйымдар және
жартылай фабрикаттар
барлығы

  

  

  

  

оның ішінде түрлері бойынша: (түрлерін)
көрсету

  

  

  

2.

Бөтен ұйымдар орындаған
өндірістік сипаттағы
жұмыстар мен қызметтер,
барлығы

  

  

  

3.

Көмекші материалдар, барлығы

  

  

  

4.

технологиялық мақсаттарға
арналған материалдар,
барлығы

  

  

  

5.

Отын және ОЖМ, барлығы

  

  

  

  

оның ішінде, түрлері бойынша:

  

  

  

6.

барлығы энергия

  

  

  

7.

ӘБП ұстау, барлығы

  

  

  

  

оның ішінде, түрлері бойынша:

  

  

  

8.

Басқа да жалпы шаруашылық және әкімшілік шығындар, барлығы:

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

9.

Сату бойынша шығындар, барлығы оның ішінде:

  

  

  

  

(түрлері бойынша)

  

  

  

10.

Пайыздар бойынша
шығындар, барлығы:

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

(қарызға алу көздері бойынша көрсету)

  

  

  

11.

Негізгі құрал-саймандарды
жақсарту, барлығы

  

  

  

12.

Күрделі қаржы жұмсалымы, барлығы

  

  

  

  

оның ішінде түрлері бойынша:

  

  

  

  

(түрлері бойынша ашып көрсету)

  

  

  

13.

Жөндеуге және пайдалануға арналған ағымдағы шығындар

  

  

  

14.

Негізгі құрал-саймандарды
сатып алу, барлығы:

  

  

  

  

оның ішінде түрлері бойынша:
(түрлерін ашып көрсету)

  

  

  

15.

Регресстік талаптар

  

  

  

16.

Бюджеттік аударымдар

  

  

  

  

оның ішінде түрлері бойынша:

  

  

  

  

(түрлері бойынша ашып көрсету)

  

  

  

17.

ЖҚ оның ішінде:

  

  

  

  

ЖЗҚ-ға аударымдар

  

  

  

  

негізгі өндіріске еңбекақы төлеу

  

  

  

  

ӘБП еңбек ақы төлеуі

  

  

  

18.

Оңалтуды басқарушының
сыйақысы

  

  

  

19.

Мерзімі ұзартылған кредиторлық берешекті
өтеуге бағытталған
қаражаттар

  

  

  

  

Барлығы:

  

  

  

      33. Ағымдағы кредиторлық берешек барлығы _____________________
                                                     (мың теңге)

            6. Борышкердің дебиторлары

      34. Оңалтудың басындағы дебиторлық берешек:__________________
                                                    (мың теңге)
      35. Нақты өндіріп алуға ______________
                               (мың теңге)
      36. Өндіріп алуға үміт жоқ:______________
                                  (мың теңге)
      37. Дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша талап қою жұмысы:

р/с
N

Борышкердің
атауы

Заңды
мекен-жайы

Талап арызды
берген күні

Берешек сомасы
(мың теңге)

  

  

  

  

  

      38. Дебиторлық қарызды нақты өндіріп алу _________________
                                                 (мың теңге)
      39. Оңалту рәсімі аяқтаған сәттегі ағымдағы дебиторлық
берешектің жиыны ________________________
                      (мың теңге)
      40. Оңалту рәсімі аяқталған сәттегі мерзімі ұзартылған
дебиторлық берешектің жиыны____________________________
                                    (мың теңге)

   7. Борышкердің оңалту рәсімін қолдануға дейінгі жасаған
 мәмілелерін талдау, мүлікті қайтару және оңалту рәсімін
 қолдануға дейінгі үш жыл ішінде жасалған мәмілелердің күшін
         жою жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

      8. Өндірістік бағдарламаның орындалуы

                                           (мың теңге)

N

Өнім
атауы

Өлшем бірлігі

Оңалту жоспары бойынша

өндірілді

сатылды

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Есеп беру күніне нақты

Сатудан алынған түсім

Ескерту (орындалмау себептері)

өндірілді

сатылды

  

  

  

  

  

  

  

  

    9. Ақша қаражаттары түсімінің болжамдық жоспары
                                                   (мың теңге)

Қаржылық сауықтыру жоспарының
іс-шаралары

Оңалту жоспары бойынша есеп беру күніне

Есеп беру күніне нақты іске асыру

Ескерту (орындамау себептері)

 

 

 

 

10. Оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы өзге де мәліметтер ____________________________________________________________________    

11. Қорытынды ережелер. Оңалту жоспарын орындау қорытындылары
____________________________________________________________________
 

Оңалтуды  басқарушы ____________(Тегі, инициалдары)
                      (қолы)
Бас бухгалтер_______________________________(Тегі, инициалдары)
                      (қолы)

      Мөр орны                                           Күні