Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 227-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4979 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2007 жылғы 25 қыркүйек

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының   
2007 жылғы 29 тамыздағы  
N 227-НҚ бұйрығымен бекітілген

Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды
жалғастыруға рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелері

      1. Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы", "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Ереже кірме жолдардың магистральдық (станциялық) жолдарға жалғасуына рұқсат беру тәртібін белгілейді.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтініш - магистральдық темір жол желісі операторының темір жолдарының магистральдық және станциялық жолдарына жалғасатын темір жолдары кірме жолдарының құрылысын (қайта жаңғыртуын) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның ресми өтініші;
      2) өтініш беруші - магистральдық темір жол желісі операторының темір жолдарының магистральдық (станциялық) жолдарына жалғасатын темір жолдары кірме жолдарының құрылысын (қайта жаңғыртуын) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) кірме жолдардың жалғасуы - темір жолдарының магистральдық (станциялық) жолдарына кірме жолдардың қосылуы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру тәртібі

      4. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беруді уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады.

      5. Өтініш беруші кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) жер учаскесіне меншік құқығының немесе жерді тұрақты пайдалану құқығының актісін;
      2) жүктің тегі мен көлемін көрсете отырып, жылдық жүк айналымы туралы мәліметтерді;
      3) қауіпті жүктермен жұмыс істеуге арналған кірме жолдың құрылысы (қайта жаңғыртуы) кезінде - өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жазбаша келісімін;
      4) кірме жолдың жалғасу жерін таңдау актісін;
      5) кірме жолдың жалғасу жерін көрсете отырып темір жол станциясының жалғасу схемасынан көшірмені;
      6) жобаланып отырған немесе қайта жаңғыртылатын кірме жолды, ал қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде - жобаланып отырған және қолда бар темір жолдың эстакадаларын көрсете отырып ситуациялық жоспарды;
      7) магистральдық темір жол желісі операторының кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат берудің мақсаттылығы (мақсатсыздығы) туралы қорытындысымен кірме жолдарды жалғастыруға арналған техникалық талаптары;
      8) (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен);
      9) құрылтай құжаттарды, өтініш берушінің (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікті, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті не нотариус растаған жеке куәлікті (жеке тұлғалар үшін) қоса бере отырып ұсынады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Заңды тұлғаның ұсынылған құжаттары тігілуге, нөмірленуге, өтініш берушінің бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның мөрімен және қолымен расталуға, ал жеке тұлғаның құжаттары - тігілуге, нөмірленуге, және мөрмен расталуға тиіс.

      7. (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен).

      8. (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен).

      9. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш түскен сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      10. Кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беру және кірме жолдардың жалғасуына рұқсат беруден бас тарту жазбаша нысанда ресімделеді және уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      Бұл ретте уәкілетті орган қабылдаған шешімі туралы магистральдық темір жол желісінің операторын бес жұмыс күннің ішінде хабардар етеді.
      10-1. Кірме жолдарды жалғастырудан бас тартуға:
      1) осы Ережеге сәйкес талап етілетін қажетті құжаттарды табыс етпеу немесе толық көлемде табыс етпеу, сондай-ақ табыс етілген құжаттардың осы ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес болмауы;
      2) техникалық жағынан жалғастырудың мақсатсыздығы негізі болып табылады.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 63-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.