Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі N 265 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4968 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) Қостанай заң институтына қабылдау ережесін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасының» "Білім туралы"  Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы  N 247  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін, Қазақстан Республикасының»"Әділет органдары туралы" Заңның  7-бабының  2-тармағы 3 тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ҚАЖ Комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесі бекітілсін.

      2. Кадр басқармасы заңнамада бекітілген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      2007 жылғы ___ тамыз

Қазақстан Республикасы        
Әділет министрінің міндетін      
атқарушының 2007 жылғы 19 қыркүйектегі 
N 265 бұйрығымен бекітілген      

ҚАЖ Комитетінің Қостанай заң институтына қабылдау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже» "Білім туралы" ,»" Әділет органдары туралы ", Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы  N 774  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы ережеге, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 22 сәуірде N 1118 болып тіркелген, Егемен Қазақстан газетінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 92-93 жарияланған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы  N 247  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелеріне (бұдан әрі - Үлгі ереже), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы   N 213  бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің ережелеріне сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 14 сәуірде N 2804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының Бюллетенінде 2004 жыл, N 21-24, 926 құжат жарияланған) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына (бұдан әрі - Институт) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Институт мемлекеттік мамандырылған ведомстволық білім беру мекемесі болып табылады және Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесіне (бұдан әрі- ҚАЖ) мемлекеттік бюджет есебінен жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды мынадай мамандықтар бойынша дайындайды:
     "050303 - Құқық қорғау қызметі" - сырттай және күндізгі оқу нысаны бойынша оқып, "Құқық қорғау қызметінің бакалавры" академиялық дәрежесіне ие болады.
     "050103 - Педагогика және психология" күндізгі оқу түрі бойынша оқып, "Педагогика және психология бакалавры" академиялық дәрежесіне ие болады.

      3. Институтқа Қазақстан Республикасының жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білімі бар, ҚАЖ қызметке жарамды азаматтар қабылданады.

      4. Институтқа шетел азаматтарын қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Азаматтарды Институтқа күндізгі оқуға қабылдау жалпы орта, бастауыш немесе орта кәсіптік білімі бар адамдар ішінен, сондай-ақ жоғары кәсіптік білімі жоқ, ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттар Ұлттық орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің (бұдан әрі - кешенді тестілеу).

      6. Кешенді тестілеу Институтта бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілеріне, өткен жылғы жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне, ҰБТ-қа қатыспай, халықаралық алмасу жүйесі бойынша оқыған жалпы орта мектептің түлектеріне, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқыған бітірушілеріне, интернаттардың, республикалық музыкалық мектептердің түлектеріне, ағымдық жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтарға өткізіледі.

      7. Институтқа сырттай оқу бойынша ҚАЖ органдарының қатардағы және басшы құрамының қатарынан, жоғары заң білімі жоқ және кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттары бар болса қабылданады, ал жоғарғы кәсіби білімі барлар, әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.

      8. Жоғары кәсіптік білімі бар, бірақ жеделдетіп оқыту курсының қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары кәсіптік білімді алғысы келетін ҚАЖ қызметкерлері Институтқа сырттай оқу бойынша мамандық профилі бойынша сұхбаттасу негізінде қабылданады.

2. Институтқа қабылдау тәртібі

      9. Институтқа күндізгі және сырттай оқу бойынша түсетін азаматтарды қабылдауды, іріктеуді ұйымдастыру үшін 1 мамырға дейін қабылдау комиссиясы және 1 маусымға дейін мандаттық комиссия құрылады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Институт бастығы болып табылады. Қабылдау комиссиясының персоналдық құрамы, міндеттері Институт бастығының бұйрығымен белгіленеді.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы шешімімен қабылдау комиссиясы мүшелерінің қатарынан жауапты хатшы тағайындалады.
      Мандаттық комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасымен (бұдан әрі - ҚАЖ Комитеті төрағасы) бекітіледі.

      10. Талапкерлерді іріктеу және қабылдау бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін Институт бастығының бұйрықтарымен сондай-ақ:
      штаттан тыс уақытша әскери-дәрігерлік комиссия;
      әңгімелесу жүргізудегі емтихан комиссиясы;
      талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша топ;
      техникалық топ құрылады.
      ҚАЖ-да қызмет өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында оқудың күндізгі түрі бойынша оқығысы келген адамдар арасынан талапкерлерге медициналық куәландыру жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен Институттың медициналық бөлімі бастығының төрағалығымен штаттан тыс уақытша қолданыстағы әскери-дәрігерлік комиссия құрылады.
      Емтихан комиссиясы жеделдетіп оқыту мерзімі, қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша, екінші жоғары, кәсіптік білімді алғысы келетін азаматтармен әңгімелесу түрінде емтихан қабылдау үшін құрылады.
      Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша топ Институтта күндізгі оқу түрі бойынша оқығысы келетін адамдарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша талапкерлерді іріктеуді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Топ құрамына талапкерлердің дене дайындығын тексеретін Институттың жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының оқытушылары кіреді.
      Техникалық топ талапкерлердің жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.

      11. Институтқа күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау бекітілген жоспарға сәйкес үш кезеңде өтеді:
      1) бірінші кезеңде Институттық қабылдау комиссиясы талапкерлер контингентін қалыптастырады, оларды кадрларды даярлаудың аймақтық принципін есепке ала отырып, медициналық, психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктейді.
      2) екінші кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген балл сертификатына сәйкес іріктеу жасайды.
      3) үшінші кезеңде Институттың мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткізеді.

      12. Сырттай оқу түрі бойынша оқуға түсетін ҚАЖ қызметкерлерін қабылдауы екі кезеңнен тұрады:
      1) бірінші кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы кешенді тестілеуде немесе әңгімелесуде алған нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы баллдарымен сәйкес іріктеу жүргізеді.
      2) екінші кезеңде Институттың мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткізеді.

      13. Институттың қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - ҚР БҒМ) келісілген мерзімде медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізеді.
      Кешенді тестілеу, сертификат және әңгімелесу түріндегі емтихан баллдарына сәйкес іріктеу, Институт тыңдаушылары қатарына қабылдау ҚР БҒМ келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін белгіленген Типтік ережелерімен мерзімінде өткізіледі.

      14. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат Институттың қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланктегі арызды, бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы растайтын аттестатты немесе дипломды (түпқұжат);
      бюджет қаржыландыру арқылы ақысыз жоғары білім алуға құқығын растайтын құжатты;
      тестілеуге төлем жасағаны туралы түбіртекті;
      3x4 фотосуретті, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ұсынады.
      Жоғары аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін қабылдау комиссиясы талапкерге кешенді тестілеуге қатысу үшін рұқсатнамасын береді.
      Білім беретін шетел ұйымдарымен берілген білім беру туралы диплом білім беру саласында уәкілетті орган белгілеген нострификациялануы керек.

      15. Институтқа түсетін азаматтар ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін берілетін белгіленген үлгідегі бланкіге арызды толтыруда, біріншіде - институтта мамандарды дайындауды жүзеге асыратын өзі таңдаған мамандықты көрсетеді ("Құқық қорғау қызметі" немесе "Педагогика және психология"), екіншіде - Типтік ереженің 3-қосымшасына сәйкес мамандықты көрсетеді.

      16. Институтқа түсу үшін кешенді тестілеуді тапсыруға келген талапкер жеке куәлікті (төлқұжатты) және емтиханға қатысу рұқсатнамасын ұсынуы қажет.

      17. Кешенді тестілеу талапкерлердің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы орта білім беретін бағдарламаның көлемінде төрт пән бойынша жүргізіледі.
      050303 мамандығы бойынша "Құқық қорғау қызметті":
      Қазақ немесе орыс тілі;
      Қазақстан тарихы;
      Математика;
      Дүниежүзілік тарих.
      050103 мамандығы бойынша "Педагогика және психология":
      Қазақ немесе орыс тілі;
      Қазақстан тарихы;
      Математика;
      Биология.

      18. Әр пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны - 30. Әр тестілеу тапсырмасына берілген дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

      19. Кешендік тестілеуге 3 астрономиялық сағат бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

      20. Тестілеу аяқталған соң, жауаптар парағының көшірмесі шығарылып, дұрыс жауаптардың кодтары арнайы орнатылған жерде ілінеді.

      21. Кешенді тестілеудің нәтижелері Институтта талапкерлердің тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиямен (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) өңделеді. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын және мемлекеттік комиссия қызметін ұйымдастыру ережесін ҚР БҒМ бекітеді.

      22. Сертификат алуда кешенді тестілеу нәтижелерін оның өткізілген күнінде мемлекеттік комиссиямен жарияланады.

      23. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификат беріледі, ол тестілеуден кейін үш тәулік ішінде мемлекеттік комиссиямен беріледі.

3. Талапкерлерді дене шынықтыру бойынша іріктеу тәртібі

      24. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу тек қана күндізгі оқу түрі бойынша оқығысы келген талапкерлер арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы  N 774  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілеуі туралы ережесімен сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына оқуға түсетіндерге дене шынықтыру бойынша нормативтермен (бұдан әрі - дене шынықтыру бойынша нормативтер) сәйкес жүргізіледі.

      25. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу келесі спорттық жаттығуларды орындау бойынша жүргізіледі:
      100 метрге жүгіру (жігіттер, қыздар); 1000 метрге жүгіру (кросс) (қыздар); 3000 метрге жүгіру (кросс) (жігіттер); биік салмадан тартылу (жігіттер); арқада жатып денені көтеру (қыздар).

      26. Спорттық жаттығуларды орындау шарты:
      100, 1000, 3000 метрге жүгіру стадионда жүгіру жолында өткізіледі;
      биік салмадан аяғын еденге (жерге) тигізбей тартылу. Иегі салмадан асатын болса, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда 5 секундтен артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді;
      арқасында жатып, қолын иығына қойып, табанды басқа адам ұстап, тізесі 90 градус бұрышында бүгілген қалпында денені көтеру.

      27. Дене дайындығы бойынша Нормативтердің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкерге сынақтың басталуына дейін 24 сағаттан кешіктірілмей ескертіледі.

      28. Дене дайындығы бойынша Нормативтерді тапсыру алдында талапкерлердің дене дайындығын тексеру бойынша топ мүшелері олармен нұсқаулық жүргізуі тиіс, спорттық жаттығулар және техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау ережелерін таныстыру барысында қол қойдырады.

      29. Дене дайындығы бойынша нормативтердің тізіміне кіргізілген спорттық жаттығулардың әр қайсысы жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға жіберілмейді, сонымен бірге, кросс (1000 және 3000 метрлерге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.

      30. Дене дайындығы бойынша нормативтері орындау үшін салмадан тартылу, арқамен жатып денені көтеріп, 100 метрге жүгіру бойынша нормативтерді орындауда бір уақытта кемінде 3 талапкер қатысады. 1000 және 3000 метрге жүгіру (кросс) кезінде жүгіруді кемінде 10 адам қатысады.

      31. Осы Ереженің қосымшасына сәйкес, дене шынықтыру жаттығуларды орындау нәтижелері дене шынықтыру бойынша нормативтерге сәйкес бағаланады.

      32. Ер және әйел жынысына дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері бөлек бағаланады.

      33. Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмас бұрын, оларды қабылдайтын адамдар, талапкерлерге нұсқау беріп, спорттық жаттығуларды орындаудың нормативтері мен ережелерімен және қауіпсіздік техникасымен таныстырады. Талапкерлер танысқаны туралы дереу қол қояды. Жаттығуларды орындау нәтижелерін белгілегеннен кейін қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

      34. Жеке дене жаттығулары бойынша ведомостердегі көрсеткіштер негізінде 1 тәулік ішінде талапкерлер барлық дене шынықтыру жаттығуларын орындаған соң, дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындаудың салыстырмалы хаттамасы құрастырылады, ол Институттың қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Салыстырмалы хаттамада талапкердің дене дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады. Нәтижелер бір сағат ішінде талапкерлер назарына жеткізіліп, арнайы бөлінген жерде ілінеді.

      35. Егер талапкер тестіде бір пәнді қанағаттандыраларлықсыз бағаға, ал қалғандарын "жақсыдан" төмен емес бағаға тапсырса, дене дайындығы бойынша тестілеу тапсырылды деп есептеледі. Мысалы: тартылу - "жақсы", 100 метрге жүгіру - "жақсы", 3000 метрге жүгіру - "қанағат" болса, тестілеу сынақ деп есептеледі. Тартылу - "өте жақсы", 100 метрге жүгіру - "қанағат", 3000 метрге жүгіру - "қанағаттандырарлықсыз" болса, сынақтан өтпеді деп есептеледі.

4. Апелляциялық комиссияның жұмысы

      36. Кешенді тестілеу, дене дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген азамат аппеляцияға беруге мүмкіншілігі бар.

      37. Кешенді тестілеу нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарау үшін аппеляциялық комиссия құрамы мемлекеттік комиссиясының төрағасымен бекітіледі. Аппеляциялық комиссияның төрағасы ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
      Дене дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарау үшін аппеляциялық комиссияның құрамы Институт бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      38. Кешенді тестілеуді немесе дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерін хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін талапкердің өзі аппеляциялық комиссияға шағымдануға өтініш береді және аппеляциялық комиссиясымен бір тәулік ішінде қарастырылады. Арызданушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

      39. Талапкердің өтінішін қарау нәтижелері бойынша оның қалауы бойынша дене шынықтыру жаттығуының біреуін қайта тапсыру құқығын беруі мүмкін.

      40. Дене шынықтыру жаттығуларының бір түрін қайта тапсыруға рұқсат аппеляциялық комиссияның дәлелді шешімімен жүргізілуі тиіс.

      41. Аппеляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Бірдей дауыс кезінде комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқы бар. Комиссия жұмысы төрағамен және барлық комиссия мүшелерімен қол қойылып, хаттамалармен ресімделеді.
      Аппеляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша өтініш жасаған талапкерге аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.

      42. Тестік тапсырмаларды бағалау кезінде туындайтын даулы мәселелерді шешу үшін аппеляциялық комиссия төрағасы ҚР БҒМ кешенді тестілеу өткізу кезінде құрылатын шағымды қарау үшін республикалық комиссияға өтініш білдіре алады.

5. Институтқа қабылдау тәртібі

      43. Институтқа тыңдаушылар қатарына қабылдау мандаттық комиссияның ашық отырысында конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс ҰБТ нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдар мен кешенді тестілеу нәтижелері, сондай-ақ медициналық, психофизиологиялық, дене көрсеткіштері мен мамандықтары бойынша жеке іріктеу нәтижелерін есепке алып әңгімелесу және ҚАЖ Комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тәртіптемеге сәйкес ҚАЖ Комитетіне, ҚАЖ комитетінің аумақтық басқармаларына бөлінген қабылдау орындарының негізінде жүргізіледі.

      44. Институт тыңдаушылары қатарына қабылдау конкурсын өткізуде келесі талапкерлердің артықшылық құқықтары бар
      - "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылар,
      - соңғы үш жыл ішінде жалпы білім алу пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми сайыстардың (I, II, III дәрежелі) жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдық жылдың жеңімпаздары кіреді, олар өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың пәніне сәйкес болуы шарт.

      45. Егер сертификат балдарының көрсеткіштері бірдей болатын болса, Институт тыңдаушылар қатарына қабылдануда ата-аналардың қамқорлығысыз қалған жетім балаларға; соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар, қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балаларына; білімі туралы үздік құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтарға; аттестаттың немесе дипломның жоғары орта балл алғандар, профильдік пән бойынша аса жоғары балл алған адамдарға беріледі.

      46. Оқуға қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде Институт бастығының бұйрығы шығарылады. Бұйрықтан үзінді қызметтен бөлумен оқуға қабылданған адамдарды іссапарға жіберу үшін ҚАЖ Комитеті жинақтау органдарына жіберіледі.

      47. Конкурс бойынша өтпеген азаматтарды жеке істерін қайтарумен және қабылданбау себебін көрсетілуімен ҚАЖ Комитеті жинақтау органдарының қарамағына жіберіледі.

      48. Институттағы сабақтар белгіленген оқу жоспары мен оқу процесі кестесі мерзімінде басталады. Оқу басталған күннен бастап 10 күн ішінде себепсіз оқуға кіріспеген тыңдаушылар Институттан шығарылады.
      Шығарылғандардың орнына Институттың қабылдау комиссиясы оқу басталғаннан бір ай ішінде қажетті балдарды ала алмаған тыңдаушыларды тыңдаушы ретінде қабылдай алады.

      49. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес Институттың қабылдау комиссиясымен қаралады.

                                           ҚАЖ Комитетінің
                                       Қостанай заң институтына
                                         қабылдау ережелеріне
                                               қосымша

   Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтына
     түсетіндерге арналған дене шынықтыру дайындығы бойынша
                         НОРМАТИВТЕР

                           ЖІГІТТЕР

N р/с

Жаттығу атауы

БАҒА

өте жақсы

жақсы

қанағат

1

100 метрге жүгіру (сек.)

13,3 және төмен

13,4-13,7

13,8-14,2

2

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,3 және төмен

12,31,-14,00

14,01-15,00

3

Тартылу(неше рет)

15 және одан жоғары

14-12

11-9

                         ҚЫЗДАР

N р/с

Жаттығу атауы

БАҒА

өте жақсы

жақсы

қанағат

1

100 метрге жүгіру (сек.)

16,2 және төмен

16,3-16,6

16,7-17,0

2

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4,35 және төмен

4,36,-5,3

5,31.-6,0

3

Арқасында жатып денені көтеру
(бір минутта неше рет)

35 және одан жоғары

34-30

29-25