Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы»"Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы"»N 303 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 221 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4966 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      Кредиттік бюроның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы»"Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" » N 303  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3318 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, N 3-8, 2005 ж., 18-бап) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      атаудағы және 1-тармақтағы»"кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар" деген сөздер "қауіпсіздік жүйелерін қалыптастыру, олардың электронды жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының және үй-жайлардың сақталуына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу"» деген сөздермен ауыстырылсын;

      Аталған қаулымен бекітілген Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы  нұсқаулықта :
      оң жақ жоғары бұрыштағы және атаудағы»"кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар" деген сөздер "қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электронды жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының және үй-жайлардың сақталуына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұсқаулық»"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 шілдедегі  Заңына  (бұдан әрі - Кредиттік бюро туралы Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпараттық процесті, ақпараттық жүйе қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудың негізгі шарттарын, электронды жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды, кредиттік тарихтың деректер базасының және кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының үй-жайларының сақталуына қойылатын талаптарды ұйымдастыруды белгілейді.";

      1-тармақтағы "Осы Ережеде" деген сөздер "Осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "кредиттік бюроның" деген сөздерден кейін "ақпаратты және (немесе) кредиттік есептерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың екінші абзацындағы "кәсіпорындармен" деген сөздер "органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "ақпараттандыру аясындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "мемлекеттік саясатты іске асыратын және ақпараттандыру және электронды Үкімет аясындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - ақпараттандыру аясындағы уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      10-тармақтағы "RFC 2630" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-тармақтағы "ақпараттандыру аясындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен" деген сөздер "ақпараттандыру аясындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53-тармақта«"ақпараттандыру аясындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "ақпараттандыру аясындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру рыногы субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны кредиттік бюроға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігі Төраға
      2007 жылғы»19 қыркүйек

                               Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
                                  және қаржы ұйымдарын реттеу мен
                                 қадағалау агенттігі Басқармасының
                                   2007 жылғы 27 тамыздағы N 221
                                         қаулысына қосымша

                                 "Кредиттік тарихты қалыптастыру
                                 және оларды пайдалану жөніндегі
                               ақпараттық процесті, ақпараттық жүйе
                               қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудың
                                   негізгі шарттарын, электронды
                                 жабдықтарға қойылатын ең төменгі
                                  талаптарды, кредиттік тарихтың
                                 деректер базасының және кредиттік
                                    тарихты қалыптастыру жүйесі
                                    қатысушыларының үй-жайларының
                                   сақталуына қойылатын талаптарды
                                    ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
                                              қосымша

         Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану
                  жүйесі қатысушыларына қойылатын

 талаптарға_____________________________________cәйкестілігі туралы
                     (қатысушының атауы)

                               АКТ

______________________                         ____________________
   жасалған орны                                  жасалған күні

      Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушының дайындығын және ақпараттық қызмет көрсету рыногындағы өз қызметінің басталуына оларды пайдалану және кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметінде ақпараттық процесті ұйымдастыру жөніндегі талаптарды олардың орындауы, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электронды жабдықтарының барынша төмен талаптарын орындау, кредиттік тарихтың деректер базасын және үй-жайларды сақтау жөніндегі осы актіні комиссия мына құрамда жасады:
      уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттандыру саласындағы өкілдері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның өкілдері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Комиссияның жұмысына кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының өкілдері қатысады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Комиссия зерттеген объектілердің және зерделеген құжаттардың  жан-жақты сипаттамасы:
      кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесі қатысушысының нақты қызметі;
      үй-жайды күзету;
      жұмыс орнын сипаттау (пайдаланушының бағдарламалық қамтамасыз етуі орналасқан орны, конфигурациясы, сондай-ақ оған қондырылған аппараттық және бағдарламалық құралдар жөніндегі жан-жақты деректері бар паспорты бар арнайы бөлінген компьютерде қойылған);
      Нұсқаулықтың 28-тармағына сәйкес физикалық қорғанысты, ақпараттық жүйе өзінің жұмыс қабілетін жоғалтқаннан кейін резервтік көшірме жасау және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін, Нұсқаулықтың 45-тармағының 1)-5) тармақшаларын қосқандағы ұйымның ішкі актісімен белгіленген қорғаныс жүйесінің жұмыс тәртібін  қамтамасыз ету;
      қызметте пайдаланылатын бағдарламалық өнімдердің сипаты.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысы өкілдерінің түсіндірулерінің қысқаша мазмұны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      комиссияның кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының техникалық және өзге де құжаттарын тексеруі, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінде жұмыс істеуге арналған оның техникалық үй-жайларын, электронды-компьютерлік жабдықтарын, байланыс жүйесін және қорғаныс құрылғыларын және өзге де объектілерін зерттеуі кезінде ________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________  анықталды (ұсынылып отырған талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі және ақпараттық қызмет рыногында қызметті жалғастыруды ұйымдастырудың басы жеткілікті/жеткіліксіздігі). Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысы комиссия актісіне қоса берілген мынадай техникалық құжаттаманы және өзге де құжаттарды береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Акт үш данада жасалды және бір-бір данамен мыналарға жіберілді:
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға;
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға;
      Кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпарат жүйесінің қатысушысына.

      Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Тексеруші ұйым өкілі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________