Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмысты үйлестіру, сондай-ақ арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) <*>
Ескерту 1-тарамақтың 1) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009.09.29 N 53 бұйрығымен.
2) "Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2741 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., N 13-16 915-б. жарияланған, "Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4-бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі N 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4424 санымен тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар):
аталған бұйрықпен бекітілген, Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін жүргізу туралы Нұсқаулықта:
Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитетінің Төрағасы
2007 жылғы 29 тамыз
Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 2007 жылғы
6 қыркүйектегі N 36 бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009.09.29 N 53 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 14 қыркүйектегі
N 48 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының 2004 жылғы 20
қаңтардағы N 4 бұйрығымен
бекітілген сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасағаны
үшін тәртіптілік жауаптылыққа
тартылған тұлғалардың есебін
жүргізу туралы Нұсқаулығына
N 1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың N 1 нысанды кәртішкесі
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қарау нәтижелері бойынша жауаптылығы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР Заңымен қаралған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған органмен құрылады)
1.__________________________________________________________________
(құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы)
2. Жасалған: депутатпен (1), сотпен (2), әкіммен (3), Президенттікке және депутаттыққа кандидатпен (4), мынадай органдардың лауазымды тұлғаларымен: ІІМ (5), ҚР ЖС жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің соттар әкімшісінің (6), әділеттің (7), қаржы полициясының (8), ҚК (9), прокуратураның (10), ҚМ КБК (11), Салық Комитетінің (12), ҚМ әскери қызметкерлерінің (13), ІІМ ІӘ (14), ҚК шекара қызметінің (15), Республикалық гвардияның (16), ТЖМ (17), өзге де мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің (18)________
(ведомстволар атауы)
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қараған органның атауы:
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР Заңының нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау
бап__________ тармақ_________тармақша
5. Материал (хаттама) мәніне қарай қаралған:
5.1. Бұйрық (шешім) N__________"_____"___________________20__ж.
6. Мынадай жаза шарасы қолданылған: лауазымынан босату (1), лауазымын төмендету (2), қызметтік сәйкестігі толық еместігі туралы ескерту (3), қатаң сөгіс (4), сөгіс (5), ескерту(б), басқада жаза (7)______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін
жауаптылыққа тартылған тұлға туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
7. ТЕГІ | АТЫ | ӘКЕСІНІҢ АТЫ
____________________________________________________________________8. Туған күні "_____"__________20__ж.
9. Тұрғылықты (тіркелген) мекен-жайы
9.1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
10. Жұмыс орны
____________________________________________________________________
11. Лауазымы
____________________________________________________________________
12. Кәртішкені толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, қолы______________
13. Толтырылған күні "_______"_________________20___ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "______"___________20__ж.
бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың)____________________
15. Аймақтық басқарма қызметкері ___________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: кәртішке ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін заңдармен белгіленген тәртіпте жауапты болады.