Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 246 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4940 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесі бекітілсін.

      2. Әділет аумақтық органдары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы С.С. Әбішке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің м.а.

                                              Қазақстан Республикасы
                                             Әділет министрінің м.а.
                                             2007 жылғы 24 тамыздағы
                                              бұйрығымен бекітілген

Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты
хабарландыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Осы Ереже жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландырудың тәртібін белгілейді.
      Жүйелі тіркеу құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және есепке алу сипатында болады.

  2. Хабарландырудың мақсаты және міндеттері

      3. Халықты хабарландыру жүйелі тіркеуді жеделдету мақсатында құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру үшін жүзеге асырылады.

      4. Хабарландыру жүйелі тіркеуді жүргізудің қажеттігін халықтың назарына жеткізу үшін талап етіледі.

  3. Халықты хабарландыру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық кадастрды жүргізетін аумақтық органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да және халық көп жиналатын жерлерге ақпараттық қабырғаларға орналастыру арқылы да халықты хабарландырады.

      6. Халықты жүйелі тіркеудің қажеттігі туралы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

      7. Хабарландыруда мынадай мәліметтер:
      1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын органның орналасқан жері;
      2) жүйелі тіркеуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қамтылуы тиіс.
      Ескерту: 7 тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 

      8. Аумақтық әділет органдары халықты жүйелі тіркеуді жүзеге асырудың қажетті туралы кемінде жылына екі рет хабарландырады.