"Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 531 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4938 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы  N 39 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2691 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 қарашадағы N 140-141 (765) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ереже:
      мынадай мазмұндағы 3-1 бөліммен толықтырылсын:
      "3-1. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен наградтаудың шарттары
      11. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне айрықша үлесін қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:
      1) денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелер үшін;
      2) белсенді және табысты қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін;
      3) қызметтік міндеттерді орындау кезінде көрсеткен кәсібилік және жан қиярлылығы үшін марапатталады.
      12. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісі алтын түсті шеңбер арасын қосқан мерейтой медалі мен түйреуіш түрінде жасалған.
      13. Медаль сары түсті металдан (латунь) жасалған диаметрі 30 мм дөңгелек нысанда болады.
      Аверс: жылтыр фонда әріптер мен суреттері шығып тұрған, күңгірттелген түрде болады. Ортасында тосағанды ораған жылан түріндегі медицина эмблемасы, үстіңгі жағында - шығып келетін күн сөулесі, төменде - жапырақтарымен лавр бұтағы бейнеленген. Медальдің жиегінде: "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" деген жазу бар.
      Реверс: күнгірттелген фонда әріптері шығып тұрған, жылтыр түрінде болады. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
      Планкасы көгілдір түсті муарлы лентасымен көлемі 18х25мм сары түсті металл (латунь) түрінде болады. Бекіткіші: визорлық түйреуіш.
      14. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен марапатталған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік беріледі;
      Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", "Министерство здравоохранения Республики Казахстан", "Куәлік", "Удостоверение" деген жазулар бар.
      Сол жақ бетінің ішкі жағында кеуде белгісінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу:
      N_____
      Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
      марапатталатын адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар:
      "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен марапатталады.
      Министр_____;
      марапатталған "күні" айы жылы".

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерінің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.

      3. Министрліктің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Министрліктің Ұйымдастыру-құқықтық департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр