Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
85. |
Заемшылардың - заңды |
10 жыл* |
10 жыл* |
*шарт бойынша |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1 жолмен толықтырылсын:
"
85-1. |
Заемшылардың - жеке |
10 жыл* |
10 жыл* |
*шарт бойынша |
";
реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
236. |
Салымшылардың шоттары бой- |
тұрақты |
тұрақты |
".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағаттар комитеті
Төраға
2007 жылғы 17 тамыз
_____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
2007 жылғы 16 тамыз
______________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)