Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 313-бабы және 17-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексерудің ережесі бекітілсін.
2. "Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі жөніндегі білімін тексеруді жүргізудің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 3394 тіркелген, 2005 ж. N 15, 99-құжат "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде" жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 312-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрі
2007 жылғы 22 тамыз
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы 22 тамыз
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
2007 жылғы 22 тамыз
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің міндетін
атқарушы
2007 жылғы 22 тамыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы
N 205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру
және олардың білімін тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313-бабына сәйкес әзірленді және қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру және олардың білімін тексерудің тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және олардың білімін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді де кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқау беруден және олардың білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік ұйымдардың қызметкерлері, басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібі мен нысанын жұмыс беруші мамандықтың сипатына, жұмыс түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.
2. Ұйымдарда мамандықтар бойынша қызметкерлерді
оқыту және білімін тексерудің тәртібі
5. Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту және білімін тексеру жылына 1 реттен сиретпей жүзеге асырылады. Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білім тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді (1-қосымша).
6. Өндірістік ұйымдарда мамандықтар бойынша оқытуды (сабақтар, дәріс, семинарлар) жұмыс беруші тиісті саладағы жоғары білікті мамандарды, тәжірибелі инженер-техникалық қызметкерлерді және ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып, жүргізеді.
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды қарастыруы керек және оны жұмыс беруші бекітуге тиіс.
8. Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргізіледі.
9. Еңбек қауіпсіздігінің заңнамамен белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірісте қосымша арнайы оқыту жүргізіледі.
10. Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрі бойынша жұмыста 3 немесе одан да көп, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыста - 1 жылдан артық уақыт үзілісі бар қызметкерлер өздік жұмыс басталғанға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтуге тиіс.
11. Құрамы 3 адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жұмыс берушінің бұйрығымен құрылады.
12. Комиссия төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиісті комиссиядан білімін тексеруден өткен бөлімшелердің басшылары, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы кіреді.
13. Емтихан комиссиясының қызметі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
14. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібін жұмыс беруші айқындайды.
15. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі тексерілетін қызметкерлер оны өткізуден 30 күн бұрын ескертілуге тиіс.
16. Білімін тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге куәлік немесе хаттамадан үзінді көшірме беріледі (2-қосымша).
17. Қызметкер қанағаттанғысыз деген баға алған жағдайда, білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірілмей белгіленуі керек. Білімін қайта тексеруге дейін қызметкер өздік жұмысқа жіберілмейді.
3. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың және білімін тексерудің тәртібі
18. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары (бұдан әрі - Басшы қызметкерлер) ұдайы, үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтуге тиісті.
19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды қарастыруы керек және оны еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік орган бекітуге тиіс.
20. Басшы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәріс, семинарлар) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының оқытушыларын, тәжірибелі заңгерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып жүргізіледі.
21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексеруді оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған, құрамы 3 адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргізеді.
Емтихан комиссиясының қызметі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібін оның төрағасы айқындайды.
22. Комиссия төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына біліктілікті арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісім бойынша) кіреді.
23. Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу әдісін немесе емтихан билеттерін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тест өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламасын ескере отырып әзірленеді.
24. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексергеннен кейін емтихан комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтті;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруге жатады.
25. Емтихан комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
26. Басшы қызметкерлердің білім тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді (3-қосымша). Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.
27. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткен басшы қызметкерлерге Қазақстанның барлық аумағында жарамды, белгіленген үлгідегі, сертификат беріледі (4-қосымша).
28. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер білімін қайта тексергенге дейін өздерінің атқаратын лауазымдарында қалады. Білімін қайта тексеру алғашқы білімін тексеру өткен күнінен бастап үш айдан кешіктірмей өткізіледі.
29. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.
30. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген мерзімнен тыс білімін қайта тексеруден басшы қызметкерлер мына жағдайларда:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенде, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;
жұмыс берушінің шешімі бойынша пайдалануға жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үдерістер енгізілген кезде;
жұмыс берушінің шешімі бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе оны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған кезде;
жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша соңы адам өлімімен немесе мүгедектікпен аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ апат, жарылыс, өрт немесе улану кезінде;
жұмысында бір жылдан астам уақыт үзіліс болған кезде өтеді.
31. Емтихан комиссиясының шешіміне байланысты дауларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот қарайды.
32. Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтуге тиіс.
33. Ұйымда басшы қызметкерлердің оқудан және білімін тексеруден уақтылы өтуін бақылауды жұмыс беруші осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша
нұсқама жүргізу тәртібі
34. Нұсқама сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:
1) кіріспе;
2) жұмыс орнындағы алғашқы;
3) қайталама;
4) жоспардан тыс;
5) мақсатты.
35. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама білімі, осы мамандық немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.
36. Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе бұл міндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргізеді.
37. Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.
38. Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:
1) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан қызметкерлердің бәріне;
2) өздері үшін жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлердің, іссапарға келгендердің, уақытша қызметкерлердің бәріне;
3) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға;
4) өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізеді.
39. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан босатылған қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен, қызметкерлердің өкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.
40. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
41. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмысшыға жеке жүргізіледі. Алғашқы нұсқама біртекті жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.
42. Қызметкерлер өздік жұмысқа машықтанғаннан кейін, теориялық білімі тексерілген және жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергеннен кейін жіберіледі.
43. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемінде бір рет өтеді.
44. Қайталама нұсқаманы біртекті жабдыққа қызмет көрсететін жеке қызметкерлерге немесе қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.
45. Жоспардан тыс нұсқама:
1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген кезде;
2) технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтарды, құрылғылар мен құралдарды, сыртқа шығарылатын шикізат пен материалдарды және т.б. еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;
3) қызметкерлер жарақаттануға, апатқа, жарылыс пен өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде;
4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргізіледі.
46. Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе бір мамандықтағы қызметкерлер тобына жүргізіледі. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.
47. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргізіледі.
48. Авария, табиғи апаттар мен апаттардың зардаптарын жою.
49. Наряд-рұқсатнама, рұқсатнама және т.б. құжаттар ресімделетін жұмыстарды жүргізу.
50. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмысты тікелей басқарушы (ұста, цех бастығы) жүргізеді.
51. Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады. Қызметкердің білімін нұсқау жүргізген қызметкер тексереді.
52. Қанағаттанғысыз білім көрсеткен қызметкерлер өздік жұмысқа жіберілмейді және нұсқаманы қайта өтуге тиісті.
53. Нұсқаманы жүргізген қызметкер жұмыс орнында алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу туралы және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы жұмыс орнындағы нұсқамаларды тіркеу журналына нұсқаушы мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады (5-қосымша). Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.
54. Наряд-рұқсаттама бойынша жұмыс жүргізетін қызметкерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамада немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.
55. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқаманы тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды жүргізу, нұсқау беру және
олардың білімін тексерудің ережесіне
1-қосымша
____________________________________________________________________
(ұйым, кәсіпорынның атауы)
Мамандықтар бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
бойынша білім тексеру жөніндегі емтихан комиссиясы
отырысының хаттамасы
200__ ж."__" _________
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға _____________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері___________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
200_ ж."__"______________ N____ бұйрықтың негізінде
____________________________________________________
білімін тексеру түрі (ұдайы, қайталама)
емтихан қабылдады
және мынаны белгіледі:
Тегі, аты, әкесінің аты |
Ұйым атауы |
Лауазымы |
Білімін тексеру туралы белгі |
Ескерту |
Комиссия төрағасы __________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері __________________________________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды жүргізу, нұсқау беру және
олардың білімін тексерудің ережесіне
2-қосымша
Мұқабасы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер,
нормалар және нұсқаулықтар туралы білімін тексеру туралы
КУӘЛІК
Келесі беттері
_________________________берілді
Лауазымы:______________________
Жұмыс орны:____________________
_______________________________бойынша емтихан тапсырғаны туралы
Негіздеме: 200_ ж. N____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы
Т.А.Ә.
Комиссия мүшесі
Т.А.Ә.
м.о.
емтиханды қайта тапсырғаны туралы мәліметтер
_________________________берілді
Лауазымы: _____________________
Жұмыс орны:_____________________
_______________________________бойынша емтихан тапсырғаны туралы
Негіздеме: 200_ ж. N____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы
Т.А.Ә.
Комиссия мүшесі
Т.А.Ә.
м.о.
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды жүргізу, нұсқау беру және
олардың білімін тексерудің ережесіне
3-қосымша
____________________________________________________________________
(еңбек жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік орган)
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білім
тексеру жөніндегі емтихан комиссиясы отырысының
хаттамасы
200_жылғы "__" _________
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға _____________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері___________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
200_ж. "__"______________ N____ бұйрықтың негізінде
__________________________________________________
білімін тексеру түрі (ұдайы, қайталама)
емтихан қабылдады
және мынаны белгіледі:
Тегі, аты, әкесінің аты |
Ұйым атауы |
Лауазымы |
Білімін тексеру туралы белгі |
Ескерту |
Комиссия төрағасы __________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері __________________________________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
N 205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды жүргізу, нұсқау беру және
олардың білімін тексеру ережесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасы |
Оқу орнының атауы |
С Е Р Т И Ф И К А Т
______________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
"______________________________________________________"
"_____________________________________________"
жөнінде оқу бағдарламасы курсы бойынша оқу бағдарламасын
курсын нәтижелі аяқтағанын нәтижелі
және аяқтады
білімін тексеруден өткенін және білімін тексеруден өтті
куәландырады
Комиссия төрағасы ________ Оқу орталығының басшысы
__________________________
(Т.А.Ә) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері_________________________________________
(Т.А.Ә.)
_______________қаласы
________________2007 ж. Тіркеу N______________
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
205-ө бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытуды жүргізу, нұсқау беру және
oлардың білімін тексерудің ережесіне
5-қосымша
Жұмыс орнында нұсқаманы
тіркеу журналының нысаны
мұқабасы
__________________________________ ұйым, кәсіпорын
Басталуы: 200_ж.____________
Аяқталуы: 200_ж._____________
Келесі беттер
күні |
Нұсқау берілетін |
Туған |
Нұсқау берілетін адамның лауазымы |
Нұсқама түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Жоспардан тыс |
Нұсқау берушінің |
қолы |
|
Нұсқау беруші |
Нұсқау алушы |
||
6 |
7 |
8 |
9 |