Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын ауырлықтың шекті нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 185-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4912 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 418-ө бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.11.25 № 418-ө (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  16-бабы 19) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі;
      2) Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын ауырлықтың шекті нормалары бекітілсін.

      2. "Жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегі жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 ақпандағы  N 45-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3445 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., қыркүйек, N 18, 150-құжат) күші жойылған деп танылсын.

      3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Әбденов С.С.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен мерзімді баспасөзде заңнамада белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алған ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

       "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 31 шілде

Қазақстан Республикасы Еңбек  
және халықты әлеуметтік қорғау 
министрдің міндетін атқарушының 
2007 жылғы 31 шілдедегі N 185-ө 
бұйрығымен бекітілген    

Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін
пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі 1-тарау. Өндірістер мен жұмыстардың түрлері

      1. Атом электрстансалары
      2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
      3. Көмір және тау-кен шикізатын өндіру және байыту
      4. Құрылыс және кенсіз материалдарды өндіру және байыту
      5. Мұнай және газ өндіру және қайта өңдеу
      6. Коксохимиялық өндіріс
      7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу 
      8. Ағашхимиялық өндіріс
      9. Металлургия өндірісі (қара және түсті металлургия)
      10. Металл өңдеу оның ішінде: (дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металл жалату және сырлау, қаңылтыр банкі және құбыр өндірісі)
      11. Химиялық мұнай өндірісі
      12. Химиялық шикізатты байыту, агломераттау, брикеттеу
      13. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндірісі
      14. Бактериялық және вирустық препараттар өндіру кәсіпорындары
      15. Асбест өндірісі
      16. Асбест цемент бұйымдарының өндірісі
      17. Еріткіштер өндірісі
      18. Цемент өндірісі
      19. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндірісі
      20. Отқа төзімді кен тазалаушы өндірісі
      21. Қабырғалық және тоқымалы материалдар өндірісі
      22. Жылу изоляциялау материалдарының өндірісі
      23. Асфальт мастикасын және плиткасын шығаратын өндіріс
      24. Жұмсақ шатыр және гидроизоляциялық материалдар шығаратын өндіріс
      25. Целлюлоза, қағаз, қатырма және олардан жасалатын бұйымдар өндірісі
      26. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнімдер, кино-немесе бейне материалдар, көріністер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттар өндірісі
      27. Ауылшаруашылығы өндірісі
      28. Шахталарды, разрездерді, метрополитендер мен тоннельдерді салу
      29. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары
      30. Тамақ өнеркәсібі, оның ішінде: шарап, спирт, ликер-арақ өнімдері, сыра және алкогольсіз сусындар өндірісі, темекі және ферментация өндірісі, ас тұзын өндіру
      31. Жылу желілері
      32. Көлік, оның ішінде: темір жол көлігі мен метрополитен, теңіз флоты, өзен флоты, жолаушы тасымалдайтын авиация, автомобиль және қалалық электркөлігі
      33. Электроэнергетика (энергетикалық шаруашылық)
      34. Химия өндірісі
      35. Фармацевтикалық өндірістер
      36. Балық аулау

  2-тарау. Жалпы мамандықтар мен жұмыстардың түрлері

      37. Автоклавшы
      38. Аккумоляторларды жөндеумен және зарядтаумен айналысатын аккумоляторшы
      39. Антикоррозияшы
      40. Химиялық ерітінділерді дайындайтын аппаратшы
      41. Хлорлау аппаратшысы
      42. Бункерші
      43. Битум қайнатушы
      44. Сүңгуір (водолаз)
      45. Автомобиль жүргізушісі
      46. Газшы
      47. Газ генераторшысы
      48. Газ құтқарушысы
      49. Ацетилен қондырғысының генераторшысы
      50. Металл бұйымдарының гумершісі
      51. Дегазаторшы
      52. Рентген-гамма-глафирлеу дефектоскописі
      53. Өлшеуші (дозиметрші)
      54. Жанар және жағар майларды құюшы
      55. От сөндіргіштерге заряд беруші
      56. Баллондарды сынаушы
      57. Технологиялық және өндіріс пештерінің қазандары мен пештеріне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс істейтін от жағушы, кочегар
      58. Өндіріс пештері мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсіп пештерінің, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушы-пешшісі
      59. Адам ағазасына күшті әсер ететін заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты
      60. Пластмасс құюшы
      61. Вагондарды төңкеру машинасының машинисі
      62. Вагондарды итеру машинасының машинисі
      63. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылардың машинисі
      64. Ауа бөлуші қондырғылардың машинисі
      65. Газ үрлеу машиналарының машинисі
      66. Газ генератор машиналарының машинисі
      67. Іштен жану двигательдерінің машинисі
      68. Түтін сорғыштың машинисі
      69. Компрессор қондырғыларының машинисі
      70. Кран машинисі (краншы)
      71. Көтергіш машинисі
      72. Скрепер машинисі (скреперші)
      73. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисі
      74. Эксковатор машинисі
      75. Улы заттармен, канализация сұйықтарымен ластанған киімдерді жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнаулы киім жуу, сондай-ақ арнаулы кір жумен айналысатын машинист
      76. Мұнай өнімдері мен химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен, бөлшектерді, тораптар мен моторларды жуумен, ассенизациялық машиналарды жуумен, сондай-ақ ыдыс-аяқты дезинфекциялаумен айналысатын, этилденген бензинмен жұмыс істейтін жуушы
      77. Жоғары вольтті электер двигательдеріне қызмет көрсетумен айналысатын электр двигателі моторшысы
      78. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы
      79. Су құбыры-канализация жүйесінің жерасты камералары мен тоннельдеріне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы
      80. Пештерді, қазандықтарды, ожауларды және басқа да жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп беруші
      81. Сынап дәнекерін әзірлеумен және осы дәнекермен дәнекерлеумен айналысатын дәнекерлеуші
      82. Қорғасынды, бериллийді және олардың қорытпаларының балқыту және өңдеу учаскелерінде, сондай-ақ зияндылығы І, ІІ, ІІІ сыныпты химиялық заттар ашық түрде қолданылатын; зиянды және улы жүктерді өңдеу кезінде көліктің барлық түрінде ыстық металды таратып құю және прокаттаумен тікелей айналысатын қосалқы жұмысшы (транспорттық)
      83. Престеуші
      84. Пластмас бұйымдарын престеуші
      85. Баллон қабылдап алушы
      86. Шарап, спирт, ликер-арақ өнімдерін және сыра сатумен, сақтаумен айналысатын қызметкерлер
      87. Қопарылғыш зиянды заттарды әзірлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндірістер мен жұмыстарда істейтін жұмысшылар
      88. Ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлеріндегі жұмысшылар
      89. Пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстардағы жұмысшылар
      90. Сүңгуір (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетуші жұмысшылар
      91. Қару-жарақты ату және атып көрумен айналысатын жұмысшылар
      92. Улы химикаттарды тасымалдаумен, әзірлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      93. Тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығарумен, өнеркәсіптік канализация жүйесі мен ұстағыштарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар
      94. Этил сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
      95. Жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сілтілер, хлор және хлорлы известь сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар
      96. Биіктікте жұмыс істейтін жұмысшылар
      97. Бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тікелей жұмыс істейтін жұмысшылар
      98. Локомотитверді және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тікелей айналысатын жұмысшылар
      99. Ыстық плита, кондитер пештері және электроқуыру шкафтарының тікелей жанында жұмыс істейтін жұмысшылар
      100. Моншаларға (сауналарға) қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар
      101. Дәстүрлі қызметтер жұмысшылары (моргтерде, крематорийлерде, зираттарда)
      102. Тростник, опий көкнәрін, темекі, мақта плантацияларында жұмыс істейтін жұмысшылар
      103. Пестицидтер мен гербицидтер қолданылатын барлық жұмыс түрлеріндегі жұмысшылар
      104. Түнгі клубтарда, кабаре, мейрамханаларда жұмыс істейтін жұмысшылар
      105. Наша және улы препараттарды, алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарын тасымалдаумен, өндірумен және өткізумен айналысатын жұмысшылар
      106. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнімдері, кино-немесе бейне материалдар, көріністер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттарды таратумен, жарнамалаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар
      107. Басқа да емдеу мекемелеріндегі наркологиялық ауруларды емдеу бөлімшелерін қоса, психиатриялық ауруханаларда, интернаттарда, диспансерлерде барлық жұмыс түрлерімен, хоспистердегі жұмыспен айналысатын жұмысшылар
      108. Ауыл шаруашылығында, заказниктерде, зоопарктер мен цирктерде жабайы және жыртқыш аңдарға, бұқалар мен айғырларға күтім жасайтын жұмысшылар
      109. Асыл тастар мен металдарды өңдеумен, ақша белгілерін және басқа да құнды қағаздарды шығарумен айналысатын жұмысшылар
      110. Авариялық-құтқару қызметтерімен айналысатын жұмысшылар
      111. Банк құрылымдары мен басқа да қызметтерді қорғау жөніндегі, инкассация қызметі мен оқ ату қаруын алып жүруге рұқсат берілген басқа да қызмет түрлеріндегі қызметкерлер
      112. Балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауаптылықпен байланысты жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер (сәбилер үйлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалар үйлерінің, интернаттардың қызмет көрсетуші персоналы, аттракциондарда қызмет көрсету және т.б.)
      113. Істен шыққан май генераторшысы
      114. Шиналарды құрастыру және бөлшектеумен; автомобильдерді жөндеумен; ассенизациялық жүктер, шіріген қалдықтар мен улы химикаттар тасымалдаумен; этилденген бензинмен жұмыс істейтін автомобильдерді жөндеумен айналысатын слесарь
      115. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі
      116. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
      117. Канализация желілерінің жұмыстарымен айналысатын слесарь
      118. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазытқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жұмысшы
      119. Этилденген бензинмен жұмыс істейтін моторсынау стансаларында технологиялық жабдықтарды, жер асты камераларында, тоннельдер мен кеме ішінде; металлургиялық және химиялық өндірістерде, цехтарда және өндіріс учаскелерінде; пластмасса бұйымдары өндірісінде, арнаулы жуу орындарында; ыстық жұмыс учаскелерінде; канализация құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушілер
      120. Стропальші
      121. Такелажшы
      122. Вагон аударғышты, қазандарды, танктерді, цистерналарды, бөшкелерді, мұнай құю кемелерін және басқа да май, гракс, мұнай және химия өнімдері сыйымдылықтарын тазалаумен айналысатын жұмысшылар
      123. Құбыр тазалаушы (трубочист)
      124. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткіш қондырғыларын тазалаушы
      125. Абразивті шеңберлер қолданып, құрғақ әдіспен жұмыс істетйін жылтыратушылар
      126. Электродшы
      127. Электрогазбен пісіруші
      128. Лифтілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханиктері

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек  
                                    және халықты әлеуметтік қорғау 
                                   министрдің міндетін атқарушының 
                                   2007 жылғы 31 шілдедегі N 185-ө 
                                          бұйрығымен бекітілген    

      Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын
          және қозғайтын ауырлықтың шекті нормалары

      Жасы он сегізге толмаған қызметкерлер (адамдар) (бұдан әрі - жасөспірімдер) салмағы 4,1 кг. асатын ауырлықтарды тасымалдаумен немесе қозғаумен ғана айналысатын жұмыстарға тағайындалмауға тиіс.
      Жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген нормалар шегіндегі ауырлықты тасымалдауына және қозғауына, бұл жасөспірімнің тұрақты кәсіби жұмысымен байланысты болғанда және жұмыс уақытының үштен бірінен артығын алмайтын жағдайларда ғана жол беріледі.

N р/р

Жұмыстың сипаты

Жүктің жол
берілетін шекті
салмағы

1.

Ауырлықты тасымалдау:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты
жасаөспірімдер үшін
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты
жасаөспірімдер үшін



  16,4 кг.

10,25 кг.

2.

Ауырлықты рельспен қозғалатын
вагонеткалармен жылжыту:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты
жасаөспірімдер үшін
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты
жасаөспірімдер үшін

  492 кг.
 
  328 кг.

Ескертпе. Тасымалданатын және қозғалатын жүктің салмағына тараның, буманың және жабдықтың салмағы қосылады.