Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
61-бабының
14) және
121-бабының
3) тармақшаларына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептің нысаны бекітілсін.
3. Ақпараттық технологиялар департаменті 2007 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі мерзімде Нұсқаулыққа сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасауға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеуді қамтамасыз етсін.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын есептіден кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті табыс етсін.
5. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. мынадай:
1) "Республикалық бюджеттің қаражатын игеру туралы жедел есептілікті жасау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 192
бұйрығының
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2308 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы»24 шілдедегі
N 263 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық
есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын атқаруының ай сайынғы мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзірленді және республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасауға қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
2. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жіберетін»"Бюджет үдерісінің мониторингі" бағдарламалық өнімін (бұдан әрі - Мониторинг) пайдалана отырып, осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
3. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы талдамалық есепті толтыру:
1) 1-9, 13-бағандарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері толтырмайды (осы бағандардың мазмұны Мониторингтен автоматты түрде берілетін болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады;
2) 10-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бір жылдағы республикалық бюджет шығыстары жөніндегі күтілетін атқарылу көрсетіледі.
3) 11-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бір жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген соманың 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап бір жылда күтілетін атқару сомасынан ауытқуын көрсетеді.
4) 12-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 қазаннан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептен бастап бір жылдағы атқару пайызы көрсетіледі;
5) 14-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасын көрсетеді;
6) 15-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес әрбір объективті себептер бойынша жеке қалыптасқан соманы (бағамдық айырманың, форс-мажорлық жағдаяттардың, бағалардың өзгеруі және тұтынудың заттай көлемінің есебінен қалыптасқан пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы, бос орындардың болуы, ақысыз демалыстарды беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданбаған Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығының, жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санының азаюы, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі есебінен) көрсетеді;
7) 16-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басқа да себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы көрсетеді;
8) 17, 18, 19, 20-бағандарда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басқа да себептер бойынша қалыптасқан жоспардың орындалмау сомасын таратып жазады;
9) 21-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті кезеңдегі төлемдер бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жоспарының орындамау себептерін ай сайын көрсетеді.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысанды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын және осы бағдарламалық қамтыммен қалыптастырылатын белгіленген ХМL форматында қалыптастырылатын бағдарламалық қамтымда орындауы тиіс.
5. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке осы органның басшысы немесе белгіленген тәртіппен оның қызметін атқаратын тұлға және есепті жасауға жауапты қызметкер қол қояды, қолтаңбалардың жанында қолтаңбалар таратылып жазылуға тиіс (аты-жөні).
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қағаз тасығышта және электрондық түрде береді.
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есептегі барлық құн көрсеткіштері мың теңгемен берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
N 263 бұйрығымен бекітілген
____ жылғы 1 ______ жағдай бойынша есепті деректер
жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)
іске асыру туралы талдамалық есеп
Коды |
Атауы |
Бір
|
Түсімдер
|
ж. 1
|
|||
Әкімші |
Бағ-
|
Кіші
|
міндет-
|
төлем-
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
Ағымдағы
|
|
|
|
|
|
|
|
Бюджет-
|
|
|
|
|
00 |
|
|
Респуб-
|
|
|
|
|
|
|
|
Ағымдағы
|
|
|
|
|
|
|
|
оның
|
|
|
|
|
|
|
|
оның
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
бюджет-
|
Төлемдер
|
бір
|
Ауытқу
|
бір
|
оның ішінде |
|
мемлекет-
|
республи-
|
|||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
оның ішінде |
Ескерту
|
||||
басқа
|
оның ішінде мыналардың есебінен: |
||||
мемлекет-
|
шарттарды
|
орындалған
|
нормативтік
|
||
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бірінші басшының қолы ______________