Мемлекеттік мәдени ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау өткізуді нақтылау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 110 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4633 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекiтілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерінде:
6-тармақта:
3) тармақшасында "әңгімелесу" деген сөзден кейін "(тыңдау, байқау)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы