Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).

      3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаулының" деген сөздің алдынан "номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлермен және (немесе) дилерлерді қоспағанда, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) белгіленді.".

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.

      6. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкімен келісілді
      2007 жылғы 6 шілде
      ____________________________
      (қолы, күні, елтаңбалық мөр)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын 
және қаржы ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі Басқармасының  
2007 жылғы 25 маусымдағы     
N 168 қаулысымен бекітілген     

  Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарды лицензиялау ережесі

      Осы Ереже 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ", 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң ), 1995 жылғы 23 желтоқсандағы " Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы " (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Лицензиялау туралы" (бұдан әрі - Лицензиялау туралы Заң ) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне кіретін Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәртібі мен талаптарын анықтайды.

1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау

      1. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағында көзделген банктік операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктік емес ұйым) лицензияны Банктер туралы Заңның 30-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда уәкілетті орган береді.

      2. Ешбір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Банктер туралы заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыра алмайды.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.
      Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Өтініш иесі лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар береді:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтініш;
      2)  кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға ретінде өтініш иесінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
      3) өтініш иесін салық органында есепке қою куәлігінің нотариатта куәландырылған көшірмесін;
      4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы жөніндегі лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
      5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар;
      6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережесін;
      7) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтер;
      8) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      9) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осылар бар болса) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелерінің нотариатта куәландырылған көшірмелері;
      11) жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларынан басқа).
      Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғы капиталының барынша төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе ұлттық холдинг немесе компанияның ұлттық басқарушысының шешімімен құрылтайшысы бір ғана мемлекет болып табылатын банктік емес ұйымның жарғы капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен жарғы капиталын қалыптастыру тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
      Жарғы капиталының барынша төмен мөлшеріне төлем жасау талаптары жарғы капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін коммерциялық емес ұйымдарға таратылмайды.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2008.11.28 N 182 Қаулыларымен.

      5. Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтерді;
      2) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ережені;
      3) ішкі аудит туралы ережені.

      6. Брокерлер және дилерлер лицензия алу үшін осы Ереженің 4-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында және 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды береді.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      7. Брокерлер мен дилерлерге лицензия мынадай талаптарды орындаған жағдайда беріледі:
      1) лицензияны беретін өтініш беру күнінің алдындағы қатарынан келетін үш ай ішінде брокерлер мен дилерлердің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді орындаса;
      2) лицензияны беру үшін өтініш беру күнінің және оны қарау кезеңінің алдындағы қатарынан келетін үш ай ішінде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі санкциялар болмаса.
      Брокерлер мен дилерлер осы тармақпен көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды қарамай қайтарып береді.

      8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы Ереженің 4-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      9. Бақылаушы акциялар пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғалар осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
      1) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ереже;
      2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін).

      10. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия тек ғана қор биржасына, орталық депозитарийге, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерге және (немесе) дилерге беріледі.
      Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын қор биржасы, орталық депозитарий, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилер, осы көрсетілген заңды тұлғаларда Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар болғанда, жүзеге асырады.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      11. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      12. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      13. Осы Ереженің 4, 5, 9-тармақтарында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына өтініш иесінің мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою және өтініш иесінің мөрінің бедерімен растау құқығы бар өтініш иесінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен расталады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      14. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      15. Лицензия алуға ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарайды.

      16. Өтініш иесінің және лицензияны алуға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оның ішінде осы Ережемен сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне лицензия осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес беріледі.

      17. Брокерге және дилерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін және банктік операцияларды енгізе отырып беріледі.

      18. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген мекен-жайлары өзгерген, сондай-ақ осы Ереженің 4-тармағының 2), 3), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жағдайда уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды береді.

      19. Банктік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы (қызметін тоқтату) кезінде әділет органдарында филиалды (өкілдікті) есепке алып тіркелген (есептен алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банктік емес ұйым уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің есепке алып тіркелуі туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін (филиалды (өкілдікті) есептен шығару туралы бұйрық, есепке алып тіркелуі туралы куәлікті жою) қоса беріп, филиалды (өкілдікті) ашу (қызметін тоқтату) туралы хабарлама береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      20. Лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 27-бабымен , Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

      21. Банктік емес ұйымның лицензиясын қайта ресімдеу Лицензиялау туралы Заңда белгіленген тәртіп пен негіздеме бойынша жасалады.

      22. Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда уәкілетті орган банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқаның оң жақ жоғарғы бұрышына нөмірі мен "Телнұсқа" деген жазба жасау және нөмір беру арқылы береді.

      23. Уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы Заңның 27-бабымен , Банктер туралы Заңның 46-бабымен , 47-бабының 2 тармағының а), б) тармақшаларымен, Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңның 5-4 -баптарымен көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларын қолдана алады.

      24. Банктік емес ұйымның лицензиясын тоқтата тұру немесе айыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

      25. Лицензиясы уақытша тоқтатылған банктік емес ұйым әр айдың онынан кешіктірмей (лицензияның қолданылуын қайта жаңартқан күнге дейін не лицензиясы уақытша тоқтатылған мерзім аяқталғанша) уәкілетті органды анықталған жолсыздықтарды жою жөнінде банктік емес ұйымның атқарған іс-шаралары жөнінде хабардар етеді.

      26. Банктік емес ұйымның жекелеген банктік операцияларды жүргізуге берген лицензиясын банктік емес ұйымның өтініші негізінде ерікті түрде қайтаруы банктік емес ұйымның осы операциялар бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жасалуы мүмкін.

2-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Уәкілетті орган уәкілетті органның ресми web-сайтында орналастыру жолымен не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша лицензияны беру, айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және жаңғырту туралы ақпаратты ашады.

      28. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс.

                                          Банк операцияларының
                                        жекелеген түрлерін жүзеге
                                     асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                           ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

_________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
_________________________________________________________________
             (өтініш иесінің толық атауы)

                           ӨТІНІШ
      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (валюта түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).
Өтініш иесі туралы мәліметтер:
      1. Өтініш иесінің тұратын орны
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі)
_________________________________________________________________
       (телефон, факс).
      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы
капиталының барынша төмен мөлшері.
_________________________________________________________________
      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әр қайсысының даналары мен парақтар саны:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Өтініші иесі өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауап береді.

      өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (қолы)
200__жылғы _____________"______"
Мөрдің орны

                                            Банк операцияларының
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                          ережесіне 2-қосымша

_________________________________________________________________
(банктік емес ұйым қызметкерінің қызметі және банктік емес ұйымның
   атауы көрсетіледі)

                      туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

_________________________________
_________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
пен толық сәйкес келуі, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
өзгерген жағдайда оның қай
уақытта және қандай себеппен
өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

________________________________
________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________
________________________________
(елді мекеннің кодын қосқанда,
мекен-жайын жан-жақты, қызметтік,
үй, байланыс телефондарын
көрсету)

Азаматтығы

_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________
________________________________
________________________________
________________________________

Жақын туыстар (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі,
балалары), сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,
ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

N

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және қызметі

1
2





       Өтініш иесінің өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

N

Заңды тұлғаның атауы тұратын орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Өтініш иесінің заңды тұлғаның жарғы капиталындағы қатысу үлесі, акциялар саны және өтініш иесіне, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі акциялардың пайыздық ара-қатынасы





        2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның
ішінде жұмыс
кәсібіне сәйкес
келетін кәсіби
білімі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе
бөлімшенің атауы мен тұратын орнын,
оқыту кезеңін, иеленетін біліктілігін,
білімі туралы дипломның деректемелерін
көрсету)

Қосымша білім,
оның ішінде жұмыс
істейтін саласын-
дағы біліктілік
көтеру курстары,
ғылыми дәрежесі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының атауы мен тұратын орнын,
оқыту кезеңін, білімі туралы дипломның,
сертификаттың, куәліктердің
деректемелерін көрсету)

Қаржылық қызмет
көрсету саласын-
дағы жұмыс тәжіри-
бесі

______________________________________
______________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс жылдарының
санын, қызмет түрлері бойынша аудитор,
бухгалтер қызметін иеленуді көрсету)

Басшы қызметтегі
жұмыс тәжірибесі

______________________________________
______________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау:
қызметтік міндеттер, кәсіби тәжірибе)

Қол жеткен
жетістіктер

______________________________________
______________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы,
ғылыми жарияланымның атын көрсету,
ғылыми әзірлеулерге, заң жобаларына
және сол сияқтыларға қатысу)

Осы мәселеге
қатысы бар басқа
ақпарат

______________________________________
______________________________________
(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін
сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйым атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттер, ұйымның координаттары







        3. Басқа мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет және мемле-
кеттік басқару мүдделеріне
қарсы сыбайлас жемқорлық және
өзгеде қылмыстар үшін сотты-
лықты заңды тәртіппен белгі-
ленген тәртіп бойынша өтел-
меуінің немесе алынып таста-
луының болуы

Иә/жоқ
(егер Иә десе, онда
қылмыстық жауапкершілікке
тарту туралы үкімнің күні
мен нөмірін, 1997 жылғы 16
шілдедегі Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Кодексінің бабын көрсету)

Қадағалау органдарының
Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғаны үшін
қызметтік міндетті орындаудан
шеттету туралы деректердің
болуы

Иә/жоқ
(егер "Иә" десе, онда осы
шараны қолданған органның
атауын және күнін көрсету)

Осының алдында банкрот болып
танылған қаржы ұйымының басшы
қызметкері болып табылды ма
не лицензияны айыру, мәжбүрлеп
тарату, консервация, акциялар-
ды мәжбүрлеп сатып алуға
қатыстылығы туралы

Ұйымның атауы, қызметі,
жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы
ретінде қаржылық қызмет
көрсету мәселелері бойынша
сотта ақ-қарасын ажыратуға
жауапкер ретінде тартылды ма

(мәселені және сот шешімін
қарайтын сот ақ-қарасын
ажыратуындағы жауап беруші
ұйымның атауын, күнін көрсету

Осы мәселеге қатысы бар басқа
да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

      Мен (тегі, аты, бар болса әкесінің аты), ___________, осы ақпаратты ұқыптап тексердім және шынайы және толық болып табылатындығын растаймын _____________________ (қолы, күні).

                                            Банк операцияларының
                                         жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                            ережесіне 3-қосымша

Өтініш иесінің (заңды тұлға үшін) акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
        (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                     (толық атауы)
      Тұратын орны ______________________________________________
_________________________________________________________________
            (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, электронды почта бар болса, оның   
                               мекен-жайы)
      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
     (құжат атауы, берілген нөмірі және күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес
_________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі  ____________________________________________
_________________________________________________________________
      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші жалпы акциялар санына пайыздық ара қатынасы немесе өтініш иесінің жарғы капиталындағы қатысу үлесі.
_________________________________________________________________
      3. Өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін ақшаны енгізер алдындағы өтініш иесі акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі) және өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін енгізілген сома (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі)___________________
      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      5. Ұйымдардың толық атауларын, тұратын орнын көрсетіп, өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қатысатын холдингтері, концеріндері, қауымдастықтары, консорциумдары, өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтары туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      6. Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
      (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      20__ жылғы "___"_____________.

      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысының қолы ________________

      Мөрдің орны

      Өтініш иесінің акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер
                   (жеке тұлға үшін)
_________________________________________________________________
          (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_________________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы және күні ____________________________________________
Азаматтығы_______________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері  _______________________
_________________________________________________________________
(құжат атауы, берілген нөмірі, сериясы және күні, кім берді)
Тұратын орны ____________________________________________________
_________________________________________________________________
         (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері __________________________________________
_________________________________________________________________
       (телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)
Жұмыс орны (мекен-жайын көрсетіп), қызметі ______________________
_________________________________________________________________
      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының санына пайыздық қатынасы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      20__ жылғы "___"_____________.
      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қолы __________

                                             Банк операцияларының
                                          жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                             ережесіне 4-қосымша

                  Қазақстан Республикасының
                        елтаңбасы

               Уәкілетті органның толық атауы

              Банктік операцияларды жүргізуге
                          Лицензия

_________________________________________________________________
   (лицензия қандай валютада (ұлттық және/немесе шетелдік)
                     берілгендігі көрсетіледі)

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___"
_________________________________________________________________
      банктік емес ұйымның толық атауы

      Осы лицензия мынадай банк операцияларын жүргізуге құқық береді:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Банк операцияларын жүргізуге бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)
      Мөрдің орны

      Алматы қаласы

                                             Банк операцияларының
                                          жекелеген түрлерін жүзеге
                                      асыратын ұйымдарды лицензиялау
                                             ережесіне 5-қосымша

                    Қазақстан Республикасы
                Уәкілетті органның толық атауы
       Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті және банктік
                  операцияларды жүргізуге
                           Лицензия

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___" ___
_________________________________________________________________
           банктік емес ұйымның толық атауы
      Осы лицензия мынадай банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:
      1. ________________________________________________________
         (лицензияның қандай валютада (ұлттық және/немесе шетел)                              берілгендігі көрсетіледі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      Бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:________________________________________________________
банк операцияларын
жүргізуге:_______________________________________________________
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүргізуге:
_________________________________________________________________
  (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)
      Мөрдің орны

      Алматы қаласы